75 МЫҢ ТАЛАПКЕР БІЛІМ ГРАНТТАРЫН ТАҒАЙЫНДАУ КОНКУРСЫНА ҚАТЫСУҒА ӨТІНІШ БЕРДІ

Гранттар тағайындау жөніндегі шешімді Республикалық конкурстық комиссия қабылдайды. Конкурстық ...

Қазақстанда ата-аналарға мұғалімдерді ханым және мырза деп атау ұсынылды

⠀«Қашықтан оқу кезінде ата-аналар, мұғалімдер және оқушылар арасындағы коммуникацияда жаңа әд...

ҚАЗАҚСТАН КОЛЛЕДЖДЕРІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ WORLDSKILLS СТАНДАРТТАРЫ БОЙЫНША ӨТКЕН ЕУРАЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖЕТІ МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

Айта кетейік, WorldSkills халықаралық қозғалысының мақсаты – жұмысшы мамандықтарды дәріптеу және ка...

Бұл туралы білім министрлігі аппаратының жиналысында Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының президенті Ғани Бейсембаев мәлімдеді.

 Ғалымдар домбыраның қоңыр үні баланың психикасына оң әсер ететінін атап өтті. Ал қоңыраудың қа...

2-5 миллион теңге гранттарын қалай жеңіп алуға болады?

- Өтінім жіберген үміткерлер арасында таңдау басымдығы бизнес- идеяның жаңашылдығына аса мән бері...

75 МЫҢ ТАЛАПКЕР БІЛІМ ГРАНТТАРЫН ТАҒАЙЫНДАУ КОНКУРСЫНА ҚАТЫСУҒА ӨТІНІШ БЕРДІ

75 МЫҢ ТАЛАПКЕР БІЛІМ ГРАНТТАРЫН ТАҒАЙЫНДАУ КОНКУРСЫНА ҚАТЫСУҒА ӨТІНІШ БЕРДІ

Құжаттарды қабылдау 16-26 шілде аралығында жүзеге асырылды. Байқау нәтижелері 15 тамызға дейін жарияланады.

Үміткерлер арасында 7054 «Алтын белгі» иегері, 576 халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары, сондай-ақ патриоттық сезімі мен белсенді азаматтық ұстанымы үшін үздік белгісімен марапатталған 705 бала бар. Балдар тең болған жағдайда олар басым құқыққа ие болады.

«Сонымен қатар биыл БҒМ алғаш рет халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларға квота бөлді. Кәмелетке толмаған төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін гранттардың жалпы санының 5%-ы, кемінде үш жыл толық емес отбасы мәртебесі бар отбасылардан шыққан балаларға – 1%, І, ІІ топтағы мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан түлектерге білім беру гранттарының 1%-ы көзделген», – деп атап өтті ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.

Сондай-ақ ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін ауылдардың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтарға және ҚР азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарға квота қарастырылған.

Биыл 145 мыңнан астам талапкер Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтті. ҰБТ қорытындысы бойынша шекті балды 88 мыңнан астам адам жинады, бұл – қатысушылардың жалпы санының шамамен 60%-ы. Биылғы жылы орташа балл 69 балды құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5 балға жоғары.

Гранттар тағайындау жөніндегі шешімді Республикалық конкурстық комиссия қабылдайды. Конкурстық комиссияның отырысы 10 тамызға дейін өтеді. Комиссия құрамына мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, журналистер, «Қазақстан студенттері Альянсының» және «Отандастар» қорының өкілдері кірді.

@bilim_jane_gylym

Әзірше пікірлер жоқ

Пікір қалдыру үшін жүйеге кіру керексіз.