75 МЫҢ ТАЛАПКЕР БІЛІМ ГРАНТТАРЫН ТАҒАЙЫНДАУ КОНКУРСЫНА ҚАТЫСУҒА ӨТІНІШ БЕРДІ

Гранттар тағайындау жөніндегі шешімді Республикалық конкурстық комиссия қабылдайды. Конкурстық ...

Қазақстанда ата-аналарға мұғалімдерді ханым және мырза деп атау ұсынылды

⠀«Қашықтан оқу кезінде ата-аналар, мұғалімдер және оқушылар арасындағы коммуникацияда жаңа әд...

ҚАЗАҚСТАН КОЛЛЕДЖДЕРІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ WORLDSKILLS СТАНДАРТТАРЫ БОЙЫНША ӨТКЕН ЕУРАЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖЕТІ МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

Айта кетейік, WorldSkills халықаралық қозғалысының мақсаты – жұмысшы мамандықтарды дәріптеу және ка...

Бұл туралы білім министрлігі аппаратының жиналысында Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының президенті Ғани Бейсембаев мәлімдеді.

 Ғалымдар домбыраның қоңыр үні баланың психикасына оң әсер ететінін атап өтті. Ал қоңыраудың қа...

2-5 миллион теңге гранттарын қалай жеңіп алуға болады?

- Өтінім жіберген үміткерлер арасында таңдау басымдығы бизнес- идеяның жаңашылдығына аса мән бері...

ҚР БҒМ-ДЕ ПЕДАГОГТЕРГЕ АРНАЛҒАН ТЕГІН ЦИФРЛЫҚ КУРСТАР ӘЗІРЛЕНДІ

ҚР БҒМ-ДЕ ПЕДАГОГТЕРГЕ АРНАЛҒАН ТЕГІН ЦИФРЛЫҚ КУРСТАР ӘЗІРЛЕНДІ

Білім және ғылым министрлігінде мектеп педагогтері үшін тегін цифрлық курстар әзірленді. Онлайн-курстар 2 тамызда басталып, 31 қазанға дейін жалғасады. Оған педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттері де қатыса алады.

 «Пандемия жағдайында мұғалімдердің рөлі, қоғамдағы орны мен еңбегі одан әрі айқындала түсті. Цифрландыру заманында мұғалімдердің ІТ құзіреттіліктерін арттыру қажет. Курс педагогтердің цифрлық дағдыларын жетілдіруге бағытталған. Курс бағдарламасы Еуропалық білім қорымен бірлесіп әзірленді. ЕБҚ сарапшысы бейнепедагогика негіздері бойынша сессия өткізіп, бейнематериалдар жасау бойынша өз әдістемесімен бөліседі. Курс білім және ғылым министрлігінің www.edu.kz платформасында орналастырылады. Сондай-ақ Microsoft Kazakhstan, Bilim Media Group және Kundelik оқыту курсы аясында педагогтерге арналған бейнедәрістер әзірледі», – деді ҚР БҒМ «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының басқарма төрайымы Әсел Мұхаметжанова.

Қазақстандық мұғалімдер Финляндия мен Оңтүстік Кореяның білім беру процесіне инновациялық технологияларды интеграциялау тәжірибесімен танысады. Курстарда цифрлық білім беру технологияларын пайдалана отырып, педагогтерді сабақты жобалау әдістемелеріне үйретеді. Сондай-ақ педагогтер ActivStudio, Pictochart, Jamboard, Prezi, Flippity сандық бағдарламаларын кәсіби түрде меңгеріп, ұлттық білім беру дерекқорының ресурстарын пайдалануды үйренеді.  ҚР БҒМ қосымша білім беру педагогтері үшін де курстар ұйымдастырып, қазіргі таңда 2000-ға жуық педагог біліктілігін арттырды. Олар үшін жетекші ғалымдардың, оқытушылардың және практик-педагогтердің арнайы мастер-кластары ұйымдастырылды.

 

 «Курстың әрбір қатысушысы өз тәжірибесін басқалардың нәтижелерімен салыстыруға, өзінің атқарған жұмысының бағасын білуге, сондай-ақ әріптестерінің, ғалымдардың, әдіскер-практиктердің кеңестері мен ұсынымдарын тыңдауға мүмкіндік алды. Біліктілікті арттыру курстары педагогтерді жетілдіруге көмектесіп, олардың кәсіби қарым-қатынас аясын кеңейтеді», – деп атап өтті ҚР БҒМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының директоры Раиса Шер.

Әзірше пікірлер жоқ

Пікір қалдыру үшін жүйеге кіру керексіз.