⤵️Диплом мен ЖОО-н бітіруді талап етпейтін мамандықтар

👌🏻Есесіне бұл мамандықтар бойынша жұмыс істеуге тәжірибе қажет болады.

Жоғары оқу орнын оқымай-ақ, жұмысқа орналасуға мүмкіндік беретін мамандықтар топтамасын ұсынамыз.

Ақпарат пайдалы болса лайк басып♥️, сақтап☑️, достарыңызбен бөлісіңіз😇

Стюард, стюардесса

Стюард ұшақта жолаушыларға қызмет көрсетеді, қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және алғашқы медицина көмегін көрсетеді. Ең басты талаптардың бірі – тіл білу, еркін сөйлеу.

 

Аспаз

 

Аспаздықтың оқуы бар. Бірақ бұл қызметте жүргендердің көбі - өз қызығушылығымен тамақ істеуді үйреніп кеткен адамдар. Аспаздық - қай уақытта да ең керек мамандықтардың бірі. Оның үстіне дәмді дайындалған тағамға сұраныс қашан да жоғары.

 

Модель

Модель - әдетте түрлі киім үлгілерін киіп, подиумға шығатын немесе фотоға түсетін адам. Мұнда көбіне адамның сыртқы келбетіне, бойына, жүрісіне назар аударады. Арнайы оқуды талап етпейді.

 

Бармен

Бар мен ресторанда келушілерге түрлі сусын дайындап беретін адамның жоғары оқу орнын бітіруі маңызды емес. Бармен бір көргенін тез үйреніп алатын адам болса, болғаны. Сонымен қатар ол клиентпен жақсы сөйлесіп, бардағы атмосфераның жайлы болуын да қадағалайды.

 

Хатшы

Хатшы көбіне басшылық қызметтегі адамдарға қажет. Ол күн тәртібін, қарау керек құжаттар мен офис функциясын қадағалап жүреді. Мұндай жұмысқа да диплом қажет емес. Ең бастысы – басшының талабына сай келіп, айтқан ісін тез үйреніп алсаңыз, жеткілікті.

 

Фотограф

Ақпараттық технология мен әлеуметтік желі, онлайн платформалар тез дамып жатқанда фотографқа үнемі сұраныс болады. Тіпті бұл мамандыққа қызығып, сүйікті ісіне айналдырғандар да көп. Қазір фотограф болу үшін арнайы білімнің қажеті де шамалы. Оның үстіне фотоға түсіріп, жақсы қаражат табуға болады.

#jastaronline

Әзірше пікірлер жоқ

Пікір қалдыру үшін жүйеге кіру керексіз.