Жыл басынан бері "Еңбек" бағдарламасымен 23 мыңға жуық алматылық жұмысқа орналасты

720 алматылық жыл басынан бері ақысы төленетін жастар практикасына жіберілген. 

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев халықты жұмыспен қамту, атап айтқанда жастарды жұмысқа орналастыру мәселелерін шешуге ерекше көңіл бөледі. Осы мақсатта Алматыда халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс істейді. Сонымен қатар қаланың 6 ауданында Жастар ресурстық орталықтары жұмыс істеп жатыр.

Жалпы жыл басынан бері Алматыда "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы бойынша 22 995 адам тұрақты жұмыс орнына орналастырылды. Оның ішінде уақытша жұмыс орындарына - 13 691 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына — 1 087 адам, қоғамдық жұмыстарға - 11 276 адам, жастар тәжірибесіне - 1 328 адам жұмыспен қамтылды.

Сонымен қатар бүгінде Алматыда 15 599 бос жұмыс орнына 11 060 хабарландыру бар. Бос орындар бойынша ақпаратты еңбек биржасының Еnbek.kz электрон порталынан алуға болады.

Фото: Алматы әкімдігі

Әзірше пікірлер жоқ

Пікір қалдыру үшін жүйеге кіру керексіз.