Алматылықтар үшін ақылы жастар тәжірибесі: 150-ден астам түлек жұмысқа орналасты

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша мегаполисте Жастар Ресурстық Орталықтары мен халықты Жұмыспен Қамту орталығы белсенді жұмыс істейді.

Орталықтардың басты міндеті – жұмыс тәжірибесі жоқ (29 жастан аспаған) жоғары оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу.

"Жастар практикасы бағдарламасына" осы критерийлерге сәйкес келетін жастар қатыса алады, бұл мамандық бойынша одан әрі жұмысқа орналасу мүмкіндігімен алғашқы жұмыс тәжірибесін алуға, сонымен бірге еңбек нарығында бәсекеге қабілетті арттыруға мүмкіндік береді.

Жастар тәжірибесінің ұзақтығы – 6 ай. Бір айдағы еңбекақы 69 450 теңгені құрайды (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыны және банктік қызметтерді ескере отырып). Егер жас маман өзін жақсы көрсетсе, жұмыс берушіге ұнаса, онда компанияда одан әрі ресми жұмысқа орналасу мүмкін.

Жалпы осы бағдарлама аясында жастарды жұмысқа орналастыру бойынша екі кезең іске асырылды. Бірінші кезең аясында қоғамдық негізде жүргізілген ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының арқасында 157 адам жұмысқа орналастырылды.

Осы жылдың 12 тамызында "Жастар практикасы" бағдарламасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының екінші кезеңі басталды. Бүгінде 2 395 өтініш келіп түсті.

Қазір қаланың жастар ресурстық орталықтары (бұдан әрі – ЖРО) аудан жастарына түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Сонымен бірге қаланың жас тұрғындарына ыңғайлы болу үшін жұмыспен қамту орталығының мамандары 8 ауданда ЖРО-да халықты қабылдайды.

Фото: Вasnews.kz

  • qqqqq Avatar
    qqqqq - 6 ай бұрын
    вввввв

  • qqqqq Avatar
    qqqqq - 6 ай бұрын
    вввввввввввввввв

  • aaaa Avatar
    aaaa - 5 ай бұрын
    sssssssss

Пікір қалдыру үшін жүйеге кіру керексіз.