«JAS OTAN» Жастар қанаты

«Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанаты 2008 жылғы 14 мамырда  Астана қаласында «Jas Otan» ЖҚ I Съезінде қоғамдық бірлестік тұлғасында құрылған.

Ұйымның облыстық Астана, Алматы және Шымкент қалалық филиалдары, сондай-ақ, қалалық және аудандық деңгейде бөлімдері бар. «Жас Отан» Жастар қанатының Орталық кеңесіне Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, Үкіметтік емес ұйымдардың жастар көшбасшылары, жас спортсмендер мен мәдени қайраткерлер кіреді. Жастар қанатының құрамын 2012 жылғы есеп бойынша 200 мың адамды құрайды.

«Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатының Төрағасы Бейсенбаев Елнұр Сабыржанұлы (қаңтар, 2020 бастап).

Жастар-Отанға!

2025 жылға дейінгі «Жастар – Отанға!» бағдарламасы Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың 2019 жылғы 21 тамыздағы тапсырмасына сәйкес әзірленді. Бағдарлама жас қазақстандықтарды ел дамуының ортақ мақсаты төңірегінде біріктіруге және жастардың өзін-өзі дамытуы үшін жан-жақты қолдауды қамтамасыз етуге бағытталған. Бағдарлама әртүрлі санаттағы жастардың мүддесін қамтиды және әлеуметтік зерттеулер мен сауалнамалардың нәтижелеріне сүйенеді. Қазақстан аймақтары бойынша жалпы бір жарым миллион жас қамтылды. Республика бойынша жастардың әртүрлі топтарымен 150-ден астам кездесу өткізілді, олардың нәтижесінде 3 000-нан астам нақты ұсыныстар сараланып алынды

Байланыс:

  • +7 7172 707 715
  • Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қ., Қонаев к. 12/1, 602 каб.
  • office.jasotan@gmail.com
Әзірше пікірлер жоқ

Пікір қалдыру үшін жүйеге кіру керексіз.