Асхат Садырбай: Жастарды қолдау - кейінге қалдыруға болмайтын іс

Jastar.online Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, Qazaqstan Team ұйымының жетекшісі, ж...

Қымбат Әбдікерімова: Шетелде оқу үшін ағылшын тілін ғана емес, өз тіліңді де жетік білу керек

Jastar.online Алматы бойынша "Болашақ" корпоративтік қорының директоры, "Болашақ" бағдарла...

Бағдат Анарбаева: "Тарихқа үңілсек, волонтерлық өмір сүру салтымызда бұрыннан бар"

Jastar.online сайты Волонтерлар лигасының Алматы бөлімшесінің төрағасы Бағдат Анарбаевамен Қазақстанд...

1.3 млн теңгемен де үй алуға болады."Алматы жастары" бағдарламасы несімен тиімді?

Журналист Ақбота Мұсабекқызы жақында "Алматы жастары" бағдарламасымен үй алды. Ақбота Jastar.onli...

Марғұлан Сейсембайдан жастарға кеңес

Кәсіпкер Марғұлан Сейсембай Instagram-дағы парақшасында жастарға өмірден түйгенін, көрген-білгенін б...

Марғұлан Сейсембайдан жастарға кеңес

Кәсіпкер Марғұлан Сейсембай Instagram-дағы парақшасында жастарға өмірден түйгенін, көрген-білгенін бөлісіп отырады. Jastar.online оқырманына сол кеңестердің бірқатарын ұсынамыз. 

Күшті қабілетіңді шыңда

Өзіңнің күшті жағыңды назарда ұстап, соны шыңдауға тырысу өте маңызды. Әдетте адамдар не істейді? Адамдар өзінің әлсіз жақтарынан бас алмай, соған қатты байланып, өмір бойы сонымен күреседі. Тіпті өзінің әлсіз жағы маңызды болатын жұмысты, оқуды шыңдалу үшін таңдайды. Бірінші өзіңіздің күшті жағыңызды анықтап алыңыз, сол нәрсенің шебері болып шығатын саланы таңдаған жөн.

Еврей ұлты балаларын қалай тәрбиелейтінінен мысал келтірейін: Мысалы бізде бала скрипканы жақсы тартып, математикадан нашар болса, оны математикадан қосымша сабақтарға береді. Ал еврейлердің бала тәрбиелеу жүйесі бойынша математикаға азырақ көңіл бөліп, скрипкадан репетитор жалдайды. Сондықтан кемшіліктерді жамай бергенше, қабілеттеріңізді шыңдаңыз.

Үнемі қолыңыздан келетін дүниеге ден қойыңыз. Сонда өзіңізге көңіліңіз толып, әрекетіңіздің жақсы нәтиже бере бастағанын байқайсыз.

Мәселенің шешімі. Ақылды көбірек, ақшаны азырақ жұмсаңыз

Өмірдің өзі үнемі болатын мәселелерді шешуден тұрады. Өмірдің сапасы осы мәселелерді шешу жолына толықтай тәуелді.

Мәселенің мәні мынада: Көбі "ақша болса, шешілмейтін мәселе жоқ" деп ойлайды. Өмірде бәрі керісінше. Ақша - мәселені шешудің құралы емес, мәселені дұрыс шешудің нәтижесінде пайда болатын нәрсе. Проблемалар – шығыс емес, кіріс көзі.

Егер адам проблеманы дұрыс шешсе, ақша өзі пайда болады. Ал ол ақшаны мәселені шешуге жұмсаса, көп ұзамай қаражат таусылады, мәселе сол күйі қалады. Мәселені ақшамен шешу арқылы оны жылы жауып қоясыз. Сонда біраз уақыттан соң бұл мәселе қайта пайда болады. Басыңызға іс түссе, ол нәрсе сізді қайрайды, жақсы бірнәрсе үйренуге итермелейді, бір саты жоғары көтерілуге себеп болады. Проблеманы дұрыс шешу арқылы ғана адам күштірек, ақылдырақ бола түседі әрі баииды.

Сондықтан мәселені ақшамен шешпеген дұрыс. Ақшамен шешкен күнде кедейлік жақындайды. Мәселені түбегейлі шешу үшін оның түпкі себебін табу керек. Негізінде себепті табу көп шығынды қажет етпейді.

Мына нәрсені есте сақтаңыз: Ақша мәселемен келетін шығынды азайтуы мүмкін, мәселенің салдарын бастан өткеруге көмектесуі мүмкін, оны жасыруы мүмкін. Бірақ ақша проблеманы енді болмайтындай етіп шеше алмайды.

Күдікті дүниеден аулақ болыңыз

Осы ережеге қатысты кәсіпкер Уоррен Баффеттің мынадай сөзі бар: "Мен керемет нәтижеге үміттенгенше жақсы нәтижеге сенімді болуды таңдаймын".

Үнемі өзіңіз сенімді болған нәрсемен айналысыңыз. Кез келген қарым-қатынас үшін бұл шарт маңызды. Көп жағдайда адамдар серіктесіне ыңғайсыз сұрақ қоюға қысылады. Бірақ сіздің сол қысылған сәтіңіз болашақта шиеленіске алып келуі мүмкін. Сондықтан жайлы аумақтан шығып, әр күдікті жағдайды айқындап отыру керек.

Фото кәсіпкердің Facebook-тегі парақшасынан

Әзірше пікірлер жоқ

Пікір қалдыру үшін жүйеге кіру керексіз.