Елордада жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыру жалғасады

Елорда әкімі Алтай Көлгінов бүгін бірқатар қолжетімді әлеуметтік тұрғын үй құрылысының барысымен танысты.

Бұл туралы ол өзінің Іnstagram парақшасында жазды.

"Былтыр Елбасының тапсырмасына сәйкес жұмыс істейтін жастарға арналған жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды. Биыл бұл жұмыстарды жалғастырамыз. Оған қатысу үшін құжаттарды жинаудың басталғаны туралы қосымша хабарлаймыз. Бүгін таңертеңгілік аралау кезінде бірқатар қолжетімді әлеуметтік тұрғын үй құрылысының барысымен, оның ішінде келесі жылдарға арналған құрылыс барысымен таныстым. Әлеуметтік тұрғын үйді кезекте тұрғандар (халықтың әлеуметтік әлсіз топтары), Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары ала алады.

"Қазақстандық ипотекалық компаниямен" бірлесе іске асырып жатқан әлеуметтік пәтер алушылар санатын көбейттік. Қолжетімді баспанаға дәрігерлер, мұғалімдерден басқа әлеуметтік қызметкерлер, полицейлер, мәдениет қайраткерлері мен спортшылар үміткер бола алады. Биыл Президенттің тапсырмасына сәйкес қолжетімді тұрғын үй көлемі үш есе артты", - деп жазды Алтай Көлгінов.

 

Әзірше пікірлер жоқ

Пікір қалдыру үшін жүйеге кіру керексіз.