ҚАЗАҚСТАН СТУДЕНТТЕР АЛЬЯНСЫ

Қазақстан студенттерінің Альянсы-бұл білім беру сапасын арттыру, студенттердің құқықтарын қорғау, оларды белсенді студенттік өмірге тарту, жастардың бойында жағымды қасиеттерді тәрбиелеу мақсатында бүкіл ел бойынша көптеген студенттерді біріктірген студенттік ұйым.

2005 жылы ҚР Білім және ғылым министрі студенттермен кездесуде жастар ұйымын құруға дайындығын жариялады. Сол жылдың ақпан айында белсенділер тобының ұйымдастырушылары дайындық кезеңінің қорытындысын шығарды, қозғалыс құрамы туралы әдістемелік материалдар жетілдірілді. Жоғары оқу орындарында қоғамдық бірлестіктер өкілдерімен кездесулер өткізілді.Қозғалыс жұмысының алғышарттары жасалды.

Әзірше пікірлер жоқ

Пікір қалдыру үшін жүйеге кіру керексіз.