Қостанай облысының аумағында мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуы

«Дипломмен ауылға» жобасы жастарды қолдаудың маңызды бағдарламасы болып қала береді. Жоба әрекет еткен жылдары 2009 жылдан бастап ауылдық жерлерге 5 043 маман келді, оның ішінде 4 057 - жастар, оларды қолдауға 6,1 млрд. теңгеден астам қаражат бағытталды. Биылғы жылы осы бағдарламаға тұрғын үй сатып алуға 1,495 млрд.теңге бөлінді, көтерме ақы 117 млн. теңге болжамды адам саны 376 адам.

Облыста 8 жоғары оқу орны базасында 21 215 студент оқиды.

Білім алушы жастарды әлеуметтік қолдау және Қостанай облысының аумағында оқу көші-қонын қамтамасыз ету мақсатында 2014 жылдан бастап "Серпін-2050" мемлекеттік бағдарламасы жұмыс істейді. Бағдарлама бойынша 2019-2020 оқу жылының басынан бастап еліміздің оңтүстік өңірлерінен 1 367 өкіл білім алуда (ҚМУ - 412 студент, ҚМПУ - 200 студент, АргГПИ – 530 студент, РИИ – 225 студент).

Жастар кәсіпкерлігін дамытуға, қажетті мамандықтарға оқытуға және жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған «Жастар ел тірегі» арнайы әлеуметтік жобасын іске асыру және «Жас маман» және «Жас кәсіпкер» жобаларын қамтиды.

«Жас маман» жобасы бойынша 10 колледждің тізімі бекітілді, оған 2 құзыреттілік орталығы, 4 салалық орталық, IT-технологиялар орталығы, 3 ауыл шаруашылық колледжі кірді.

«Жас кәсіпкер» жобасы бойынша 2019 жылы 900 адам оқуды аяқтады, оның ішінде 345 адам 223,3 млн.теңге сомасында грант алды, 13 адам бизнесті дамытуға 48,8 млн. теңге сомасында шағын несие алды.

2020 жылы Бастау Бизнес бағдарламасы бойынша 1400 адамды оқыту жоспарланып отыр, олар 200 АЕК (555,6 мың теңге) гранттық қаржыландыруға қатыса алады.

Ағымдағы жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау және дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында жас кәсіпкерлерді гранттық қаржыландыруға республикалық бюджеттен қосымша 30 млн.теңге бөлінді (қолда бар қаражатқа 30 млн. теңге).

«Еңбек» бағдарламасы бойынша 200 АЕК дейін (555,6 мың теңге) гранттық қаржыландыруға 145,3 млн.теңге қарастырылған, кем дегенде 274 грант беру жоспарлануда. Ағымдағы жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 36,114 млн. теңге сомасына 65 грант берілді.

Жазғы кезеңде жастардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету шараларының бірі «Жасыл ел» жастар еңбек отрядтары болып табылады. 2020 жылы қаржыландыру сомасы 76,8 млн.теңгені құрады, жастар санынан 1,1 мыңнан астам адам қамтылған (1 146 адам, 2019 жылы – 75,9 млн. теңге, 1,05 мың адам).

Әзірше пікірлер жоқ

Пікір қалдыру үшін жүйеге кіру керексіз.