Ақтөбе облыстық Жастар саясатына шолу

Ақтөбе облыстық статистика департаментінің мәліметінше 2020 жылы өңірдегі 14 пен 29 жас аралығындағы жастардың саны 196 842, тұрғындардың жалпы санының 22,3% құрайды. Оның ішінде қала жастары - 107 533 адам, ауыл жастары - 89 309 адам.

Сапалы білім беруді қамтамасыз ету

Ақтөбе облысында 6 жоғары және 43 кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдары бар.

2019-2020 оқу жылында 6 жоғары оқу орындарының күндізгі бөлімінде 21 419 студент (жалпы саны 26 734), оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша 5241студент оқыды.

43 кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының күндізгі бөлімінде 19321 студент (жалпы саны 24 805), оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша 14329 студент білім алды.

Ақтөбе облысында 2018 жылдан бастап жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау үшін студенттерге облыс әкімінің 100 гранты бөлініп келеді.

Биылғы оқу жылына да жергілікті бөджеттен өңірге қажетті мамандықтар бойынша жастарға облыс әкімінің 80 гранты бөлінді.

2019 жылы елімізде алғашқы рет көпбалалы және әлеуметтік көмек алатын отбасыдан шыққан балаларға ҚР Ұлттық қордан бөлінген қаражатқа 5 мың грант тағайындалып, оның             180-і Ақтөбе облысына бөлінді.

Биылғы жылы облыс әкімінің атаулы стипендиясы жоғары оқу орындарының студенттеріне 120 000 мың теңге, кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының студенттеріне 70 000 мың теңге көлемінде барлығы 230 жасқа берілді.

Жастар ресурстык орталықтары

Облыста 14 жастар ресурстық орталықтары жұмыс жасауда. Ресурстық орталық қызметкерлерінің жалпы саны 116 бірлікті құрайды (оның ішінде облыстық ЖРО 14, қалалық ЖРО 7, аудандық ЖРО 95).

Өңірде жастар саясатын қалыптастыру мақсатында аудан деңгейінде 137 нұсқаушы қызмет етіп жатыр.

Есепті кезеңде жастар ресурстық орталықтарына түрлі сұрақ-мәселелермен барлығы 1799 жас (облыстық ЖРО - 86, қалалық - 187, аудандық ЖРО - 1526) жүгінген. Оның ішінде психологиялық - 149, әлеуметтік (ақпараттық) - 1387 (оның ішінде жұмыссыздық - 1333, кәсіпкерлік баспамаларды қолдау - 26, ақпараттық - 28), заңгерлік- құқықтық - 263.

Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру барысында есепті кезеңде 1011 шара (облыстық ЖРО 50 шара, қатысушы 2940; ҚЖРО-111, қатысушы саны - 2937, аудандық ЖРО 850 шара өткізіліп, оған 34 188 жас қатысты. (оның ішінде кездесу - 197, дөңгелек үстел - 3, спорттық сайыстар - 24, семинар -тренингтер - 34, акция - 434, байқау - 67, мәдени-танымдық - 8, концерт - 35, өзге шаралар - 209) өткізіліп, 40 065 жас қатыстырылды.

Баспанамен қамтамасыз ету

2019 жыл «Жастар» жылына және Ақтөбе қаласының 150 жылдығына орай, облысымыздағы жастарды баспанамен қамту мақсатында «Жастарға қолжетімді 150 пәтер» бағдарламасы жүзеге асырылды. Аталған бағдарлама аясында 100 жас мамандарға, жас отбасыларға үйдің кілті табысталды. Пәтер алғандар қатарында ұстаз, дәрігерлер т. б. болды.

 Сондай-ақ, "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ 14 млн. теңге көлемінде алғашқы жарна төлеу арқылы салған 29 жасқа дейінгі ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жастарға 45 пәтер ұсынылды.

2020 жылдың 1 шілдесіне «Нұрлы жер», «7-20-25-2сынды мемлекеттік тұрғын үй құрылыс бағдарламасы аясында 402 пәтерден тұратын 10 аз қабатты тұрғын үй тапсырылды. Яғни, барлығы 613 пәтер беріліп, оның 161-і жастар болып табылады.

Еріктілер

Бүгінгі күні, өңірде жастар арасында волонтерлік қозғалыс қарқын алып келеді. Құрамында 1839-дан астам 43 еріктілер топтары қызмет етеді. Олардың 24-і облыс орталығында, 19-ы аудандарда. Еріктілер топтары облыстағы ұйымдастырған іс-шаралар мен әлеуметтік жобалардың барлығына дерлік қатыстырылып, олармен тығыз байланыста жұмыс жүргізілуде.

Төтенше жағдай режимі кезінде волонтерлармен «Біз біргеміз» акциясы аясында барлығы 374 шара ұйымдастырылып, 4356 отбасыға азық-түлік, 16 мың адамға медициналық маскалар таратуда, үй жағдайында ем қабылдайтын 200 ардагерлер, қарттарға жергілікті поликлиникалардан дәрі-дәрмектер жеткізуде және ұйымдастыруда біраз жұмыстар ұйымдастырылыды.

Сондай-ақ, аталған жұмыстар аясында өңір волонтерлары «Біргеміз Мақтарал», «Халық Қоғамдық Қоры» акцияларына белсенді қатысты. Ақтөбе облысының әкімдігі мен өңірдегі волонтерлардың ұйымдастыруымен су тасқынынан зардап шеккен Түркістан облысы Мақтаарал ауданына алғышқы қажетті азық-түлік, киім-кешек, жатын орындарына қажетті төсеніштер мен жеке бас гигиенасына қажетті заттар жинап гуманитарлық көмек жіберілді. Республикалық «Жақыныңа жанашыр бол» акциясы аясында волонтерлармен қоғамдық орындар мен көліктерде 2 мыңға жуық медициналық маска, 5 мыңнан астам ақпараттық таратпа парақшалар халыққа үлестірілді.

Төтенше жағдай кезінде және карантиндік кезеңдерде қоғамдық жұмыстарға тартылған волонтерлар марапаттауға ұсынылып, бүгінгі таңда 20 волонтер Елбасының, ҚР Президентінің, облыс әкімінің және қоғамдық патрульдік жұмыстарына тартылған 20 волонтер ҚР IIM алғыс хаттарымен марапатталып, ынталандыру жұмыстары жүргізілді.

2020 жыл «Волонтер жылы» аясында «Біргеміз» тұжырымдамасының 7 бағыты («Білім», «Сабақтастық», «Саулық», «Таза Әлем», «Асыл Мұра», «Қамқор», «Үміт») бойынша жұмыстар жүзеге асып жатыр.

Әзірше пікірлер жоқ

Пікір қалдыру үшін жүйеге кіру керексіз.