Ақтөбе облысы жастарының жұмыспен қамтылуы және жастар кәсіпкерлігін қолдау

Жұмыспен қамту

Өңірде Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы және Аумақтарды дамыту бағдарламасының көрсеткіштері мен іс-шараларына тұрақты негізде мониторинг жүргізіледі.

2020 жылдың 1 шілдеге барлығы 9346 жас жұмысқа орналастырылды.

Оның ішінде:

- Бос жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жастардың саны -4758;

- Жастар тәжірибесіне 1337 жұмыссыз жас түлек жіберілді, (оның ішінде ауылдық жерлерден - 727 адам);

- әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген жастардың саны - 345;

- уақытша сипаттағы қоғамдық жұмыс орындарына жіберілген жастардың саны -2906 адамды құрады.

Сондай-ақ, өңірде 25 бос жұмыс орындары жәрмеңкелері өткізілді. Жәрмеңкеге 484 жас қатысты. Жәрмеңке нәтижесі бойынша бос жұмыс орындарына 184 жас жұмысқа орналастырылды.

2020 жылға «Жасыл ел» және студенттік құрылыс жасақтарына 16-29 жас аралығындағы жалпы 3 мыңға жуық жастарды, оның ішінде, студент, жұмыссыз және ауыл жастарын (облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және жастар саясаты басқармалары арқылы) жұмыспен қамтамасыз ету жоспарланып, бүгінгі күні барлығы 1501 жас еңбек етуде.

2020 жылдың 1 шілдесіне «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 154 маман тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредиттер (оның ішінде: білім беру саласында -115, денсаулық сақтаусаласында - 27, мәдениет саласында - 2, спорт саласында -4 және АӨК саласында - б маман) және 322 маман көтерме жәрдемақы алды (оның ішінде: білім беру саласында - 249, денсаулық сақтау саласында - 50, мәдениет саласында - 4, спорт саласында - 4 және АӨКсаласында - 15 маман).

Ақтөбе облысының статистика Департаментінің мәліметі бойынша облыста 2020 жылдың 1 тоқсанға 15-28 жас аралығындағы жастардың жұмыссыздық деңгейі - 3,0% құрады (орташа республикалық көрсеткіш - 3,8%). Жұмыссыз жастар саны - 2720 адам, оның ішінде ауылдық жерлерден 416 адам.

Жастар кәсіпкерлігін қолдау

2020 жылдың 1 жартыжылдығында «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға жіберілген жастардың саны - 137 адамды құрады немесе 23,7% (барлығы 577 адам). Оның ішінде, шағын несиелер 54 жасқа берілді.

2019 жылы «Жастар» жылына орай елімізде жаңадан жүзеге асырылған «Жас кәсіпкер» бағдарламасы бойынша өңірде барлығы 1100 жас оқытылып, оқыту нәтижесі бойынша 457 жас жаңа бизнес идеяларын іске асыру үшін мемлекеттен қайтарымсыз негізде гранттар алды.

«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау және дамыту мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2019 жылы жастарға 21,0 млн. теңгеге 9 грант берілді. 2020 жылы аталмыш бағдарламаға 21,0 млн. теңге бөлініп, жастарға бизнесін дамыту үшін грант берілу жоспарланып отыр.

  • Айымхан Avatar
    Айымхан - 1 күн бұрын
    Жастар онлайн парақшасына респект🙌. Жастарды өте пайдалы ақпараттармен қамтамасыз етіп отыр. Атауының өзі🔥. Пайдалы контенттер мен активный подписчиктеріңіз көбейе берсін👍

Пікір қалдыру үшін жүйеге кіру керексіз.