Атырау облысы Жастар саясаты мәселелеріне шолу

Атырау облысындағы жастар саясатының іске асуы қарқынды, жастар арасындағы қоғамдық-саяси ахуал тұрақты.

Облыста 14-29 жас аралығында 145 378 жас (70 543 мың әйелдер, 74 835 мың ерлер) бар, ол облыс халқының 23%-ын құрайды. Оның 71 771 (49,4%) қала жастары мен 73 607 (50,6%) ауыл жастары.

Олардың 24 420 жасы мектеп қабырғасында, 13 349 жас жоғары және 14 770 орта арнаулы оқу орындарында білім алуда.

Ірі кәсіпорындарда, шағын және орта кәсіпкерлік саласында, мемлекеттік қызмет пен өзге де мекемелерде – 81 200 жас (салыстырмалы кезеңде: 2017 жылы – 73 800 жас, 2018 жылы – 68 200 жас) еңбек етеді.

2019 жылдың ІV тоқсанына жұмыссыз жастардың деңгейі – 2,5%                 (салыстырмалы кезеңде: 2017-2018 жылдары - 2,4%), ал NEET (жұмыс жасамайтын, оқымайтын және біліктілігін арттырмайтын жастар) деңгейі – 5,1% (салыстырмалы кезеңде 2017 жылы - 9,4%, 2018 жылы - 6,0%) құрайды.

2019 жылдың ІV тоқсанына статистикалық деректер бойынша жұмыссыз жастар саны – 2 000 (салыстырмалы кезеңде: 2017 жылы – 1 700 жас, 2018 жылы – 1 600 жас).

2019 жылдың ІV тоқсанына өз бетінше жұмыспен қамтылған жастар саны – 7 000 (салыстырмалы кезеңде 2017 жылы – 8 100 жас, 2018 жылы – 10 400 жас).

Облыста 8 (1 қалалық және 7 аудандық) жастар ресурстық орталықтары қызмет атқарады. Штаттық бірлік саны – 84. Оқу орындары мен кәсіпорындарында 33 жастар ісі жөніндегі комитеттер жұмыс жасауда.

 7 аудандық Жастар ресурстық орталықтары арнайы ғимаратпен қамтамасыз етілді.

2019 жылы облыста мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға белсенді қатысатын 34 жастар бірлестіктерімен 17 әлеуметтік жоба іске асырылды. (оның ішінде 160,0 млн. теңге «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының жұмыстарына).

Жастар жылы аясында облыс көлемінде 88 мыңға жуық жастың қатысуымен әр түрлі деңгейдегі 850 ден астам әлеуметтік жобалар, іс-шаралар ұйымдастырылды. Оның ішінде:

  1. Облыстық Дельфий ойындары;
  2. Көңілді тақырлар клубы ойындары;
  3. Атырау қаласында және қалаға қарасты ауылдық округтердегі 12 жастар орталықтары;
  4. «Жасыл ел» жобасы;
  5. «Жастар - Отанға 2019» жас көшбасшылар лагері;
  6. «Өркениет» атты танымал тұлғалармен кездесулер;
  7. Атырау жастар театрының жұмысын ұйымдастыру;
  8. Атырау жастарының аудандардағы күндері;
  9. «Меніңше» телевизиялық жастар пікірсайыс алаңы;
  10. «Жастар ісі академиясы» жастар ресурстық орталықтары қызметкерлерін оқыту жобасы;
  11. «U:hack Atyrau 2019» инновациялық идеялар фестивалі;
  12. «Самғау» жастарды өмірлік дағдыларға оқыту жобасы;
  13.  «Студенттік бастама» волонтерлер қозғалысын дамыту жобасы;
  14. «Atyrau students union» жобасы;
  15. «Ұлы даланың жеті қыры» этно фестивалі;
  16. «Сәт сапар» жобасы;
  17. Атырау облысы жастарының форумы.

                     2020 жыл Волонтер жылы аясында Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен «Birgemiz» жалпыұлттық волонтерлік жобасы жүзеге асырылуда.

                     Жоба мақсаты –Атырау облысы жастары арасында волонтерлік қызметті дамыту, қоғам игілігі үшін ерікті еңбек идеяларын насихаттау және оларды әлеуметтік маңызды проблемаларды шешуге тарту жолымен жастардың бойында жоғары адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру (әлеуметтік, экологиялық, гуманитарлық, мәдени-білім беру, ағартушылық және т.б. жобалар мен бағдарламаларға қатысу арқылы) болып табылады. COVID-19 коранавирусын пандемия деп жариялануына қатысты елімізде Төтенше жағдай енгізілуіне байланысты Атырау облысында волонтерлардың көмегімен #BizBirgemiz акциясы өткізілді. Күні бүгінге дейін 96  акция өткізіліп, 872 жас волонтерлардың қатысуымен 2497 аз қамтылған отбасылар, жалғызбасты қариялар, көп балалы аналар,  мұқтаж азаматтарға бірінші кезекте  қажетті азық-түлік, маска және антисептиктермен қамтамасыз етілді.

                     Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде (www.instagram.com, www.facebook.com, www.youtube.com) ресми аккаунттардың жұмысын жүйелі ұйымдастыру мақсатында «Әлеуметтік желілерде және интернет-ресурстарда ресми аккаунттарды таргетингтеу» жобасы жүзеге асырылуда.

                     Жастарды уақытша маусымдық жұмысқа орналастыру бойынша "Жасыл ел" жобасын жүзеге  асыру қызметтері аясында  1 000 жасты (қала бойынша 300, аудан бойынша 700 жас) көгалдандыру, абаттандыру және құрылыс бағыттары бойынша уақытша маусымдық жұмысқа тарту жоспарлануда. 1 000 жас жұмысшы 65 000 теңге еңбекақы және "Жасыл ел" логотипі бар арнайы киім жабдықтарымен (футболка, кепка, спорттық киім) қамтамасыз етіледі. Еңбек жасағына Атырау облысының жоғары оқу орындары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері, пробация тізіміндегі жастар, жұмыссыз жастар, NEET санатындағы жастар қатысатын болады.

                     Атырау облысының дарынды және шығармашыл жастарынан құралған делегацияларының халықаралық, республикалық, облыстық деңгейдегі мәдени - көпшілік, қоғамдық-саяси шараларға қатысуын қамтамасыз ету мақсатында «Сәт сапар» жобасы жүзеге асырылмақ.  Мүмкіндік болған жағдайда жоба аясында облыс жастары  жобаларға қатысу үшін  жол шығындарымен  қамтамасыз етілетін болады.

Әзірше пікірлер жоқ

Пікір қалдыру үшін жүйеге кіру керексіз.