Атырау облысы жастарын әлеуметтік қолдау

Жастарды әлеуметтік қолдау

 Атырау облысында жас отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған «Жас Отау» өңірлік жобасы аясында 2015 жылы - 90 пәтер, 2017 жылы – 120 пәтер, 2019 жылы 100 пәтер қолданысқа берілді.

  1. 2019 жылы жергілікті бюджеттен 300,3 млн. теңге бөлініп, 20 мыңға жуық студент 50% жеңілдікпен қоғамдық көлікте жүруге мүмкіндік алды. (Әрбір студентке ай сайын 2 200 теңге аударылады).
  2. «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы аясында 1 325 адам (2017 жылы – 1 100 адам, оның ішінде - 285 жас тұрақты жұмысқа орналасты, 2018 жылы – 1 186 жас, оның ішінде – 511 тұрақты жұмысқа орналысты) жолдама алып, Жастар тәжірибесін аяқтаған 1 205 жастың 759-ы тұрақты жұмысқа орналасты.
  3. «Еңбек», «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында 13 362 жасқа (8 175 ауыл жастары)  әлеуметтік қолдау түрлері көрсетіліп, олардың 6 359-ы (64,4%) тұрақты жұмыспен қамтылды. 142 жас әлеуметтік жұмыс орындарына, 2 213 жас қоғамдық жұмыстарға орналасты.
  4. «Бастау бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздеріне 929 адам, Жас кәсіпкер жобасымен 611 жас оқуға жолданып, 589 жасқа өз ісін ашу үшін қайтарымсыз мемлекеттік гранттар беріліп, 89 жас микрокредит алды.
  1. Облыс бойынша дуалдық оқыту жүйесінің элементтері 15 оқу орнында енгізілген. Аталған жүйемен 712 студент 23 мамандық бойынша 90 кәсіпорнында тәлім алуда.
  2. «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша 60 жас (білім беру-38, денсаулық сақтау-15, мәдениет-2, спорт-1, агроөнеркәсіп-4) маман бюджеттік несие, 159 жас (білім беру-81, денсаулық сақтау-59, мәдениет-1, спорт-3, агроөнеркәсіп-15) маман көтерме жәрдемақы алды.
  3. «Серпін-2050» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 563 студенттің 329-ы С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде және 234 студент Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде білім алуда. Білім алушы 563 студенттің 263 Түркістан облысы және Шымкент қаласынан, 40 Алматы облысынан, 25 Жамбыл облысынан, 121 Қызылорда облысынан, 114 Маңғыстау облысынан келген. Бағдарлама бойынша 2019 жылы С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде 12 мамандық бойынша оқуын аяқтаған 247 студенттің 90 тұрақты жұмысқа орналасты.

Жастар арасындағы қылмыс деңгейі

2019 жылы - 1 125 қылмыс (2017 жылы - 1 392, 2018 жылы - 1 483) жасалған. Оның ішінде 14-17 жас – 93, 18-20 жас – 143, 21-29 жас – 889.

Жастар арасында суицид деңгейі

2019 жылы жастар арасында өз-өзіне қол жұмсау бойынша 19 факті (2017 жылы - 62, о.і. 41-і әрекет, 21-і аяқталған, 2018 жылы - 38, о.і. 27-і әрекет,11-і аяқталған) орын алды. Оның ішінде 5-і әрекет, 14-і аяқталған.

  • Madina Avatar
    Madina - 1 күн бұрын
    Сайттарыңызды үнемі оқып тұрамын👍🏻. Жастарға өте пайдалы дүниелер шығарасыздар. Еліміздегі жастарға қатысты соңғы ақпараттарды тек сіздерден табамын. Ұжымдарыңызға сәттілік!

  • Madina Avatar
    Madina - 1 күн бұрын
    Алға бара беріңіздер☑️

Пікір қалдыру үшін жүйеге кіру керексіз.