Асхат Садырбай: Жастарды қолдау - кейінге қалдыруға болмайтын іс

Jastar.online Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, Qazaqstan Team ұйымының жетекшісі, ж...

Қымбат Әбдікерімова: Шетелде оқу үшін ағылшын тілін ғана емес, өз тіліңді де жетік білу керек

Jastar.online Алматы бойынша "Болашақ" корпоративтік қорының директоры, "Болашақ" бағдарла...

Бағдат Анарбаева: "Тарихқа үңілсек, волонтерлық өмір сүру салтымызда бұрыннан бар"

Jastar.online сайты Волонтерлар лигасының Алматы бөлімшесінің төрағасы Бағдат Анарбаевамен Қазақстанд...

1.3 млн теңгемен де үй алуға болады."Алматы жастары" бағдарламасы несімен тиімді?

Журналист Ақбота Мұсабекқызы жақында "Алматы жастары" бағдарламасымен үй алды. Ақбота Jastar.onli...

Марғұлан Сейсембайдан жастарға кеңес

Кәсіпкер Марғұлан Сейсембай Instagram-дағы парақшасында жастарға өмірден түйгенін, көрген-білгенін б...

1.3 млн теңгемен де үй алуға болады."Алматы жастары" бағдарламасы несімен тиімді?

Журналист Ақбота Мұсабекқызы жақында "Алматы жастары" бағдарламасымен үй алды. Ақбота Jastar.online сайтына мемлекеттік бағдарламамен қалай үй алғанын және бағдарламаның тиімділігін айтып берді.

- Алматы жастары бағдарламасы туралы қайдан білдіңіз?

- Өзім ақпарат саласында жұмыс істегесін осындай бағдарламаларды жазамыз, жариялаймыз, жалпы хабардар болып жүреміз. "Қатысып көрсем, қалай?" деп ойладым да, құжаттарымды жібердім. Сәті түсіп, әкімдік бағдарламамен үй алуға жолдама берді.

- Бұл бағдарлама сізге несімен ұнады?

- Бағдарламаның ең тиімді тұсы - 5% мөлшерлемемен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен несие алуға болатыны. Меніңше, бұл – жастарға өте үлкен мүмкіндік. Себебі әдетте Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің бағдарламаларында проценттік мөлшерлеме 11%-тен басталатынын білеміз. Ал 5% деген жастарға жақсы көмек. Сондықтан да Алматыда тұратын жастардың осы бағларламаға қызығушылығы жоғары болды деп ойлаймын.

- Үйді өзіңіз таңдадыңыз ғой?

- "Алматы жастары" бағдарламасының екінші тиімді тұсы – үйді әркім өзі таңдайды. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі несиені төлей алатыныңды растаса, әрі қарай өзіңіз үй іздеп, "Мына үйді аламын" деп банкке барасыз. Банк немесе әкімдік "Осы үйді аласыз" деген шарт қоймайды, маған сонысы тиімді болды. Өзім үйді Медеу, Алмалы және Әуезов аудандарынан іздедім. Қаланың сырт жағына кеткім келмеді. Негізі осы бағдарламамен екі бөлмелі пәтер алып жатқандар бар. Ол үшін біразы қаланың сыртынан іздеді.

- Сіздіңше, жастар үй алуда неден қиналады?

- Бағдарламаға қатысқан жастар төлем қабілетін растаудан, гарант табудан қиналды. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен несие алу үшін адам кемінде 200 мыңнан жоғары айлық алуы керек. Жастарға 200 мың беретін жұмыс орны өте аз.

Өзім екі жерде жұмыс істегендіктен маған гарант қажет болмады. Сатып алатын үйді де екі аптада таптық. Себебі маған достарым, туыстарым, жолдасым, қайын жұртым – бәрі көмектесті, жан-жақтан іздеді. Үйді таңдаған соң оның құжаттарын рәсімдедік.

Алматыда тек жастар емес, көп отбасы пәтер жалдап тұрады. Ай сайын жалдамалы пәтерге ақша төлегенше сол қаражатты несиеге беріп, өз үйіңе төлеген жақсы. "Өз үйіме ақша төлеп жатырмын" деген жақсы оймен, мотифациямен жүресіз. Пәтерден пәтерге көшіп, әртүрлі үй иелеріне ақша төлеп жүргенде өз үйіңе ақша жинау мүмкіндігі де азаяды. Сондықтан осындай мемлекеттік бағдарламаның ұйымдастырылғаны көңіл қуантады. Бір жылда қаншама жас осы бағдарламамен үй алып жатыр. Өзім сияқты әр жасқа тілекшімін. Осындай мүмкіндіктер әлі де жалғаса берсе екен.

Қосымша ақпарат

"Алматы жастары" - Алматы әкімдігі мен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ұйымдастырған 35 жасқа дейінгі азаматтарға үй алуға мүмкіндік беретін бағдарлама. Бағдарлама шарты бойынша өтініш беруші Алматыда білім, медицина, мәдениет, спорт, журналистика және әлеуметтік салаларда жұмыс істеп жүрген болуы керек. Егер әкімдіктен жолдама берілсе, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 13 миллион теңгені 5%-тік мөлшерлемемен 25 жылға дейін қарызға бере алады. Бағдарламаға өткен азамат бастапқы 10% жарнаны салуы керек (1 миллион 300 мың).

Биыл бағдарлама наурызда алғашқы өтініштерді қабылдаса, шілде айында екінші кезеңмен тағы өтініштерді қабылдады. Бағдарлама қыркүйектің 1-інен 15-іне дейін созылды. Бүгінде Алматыда жұмыс істейтін аталған саланың мамандары пәтер алып, өз үйіне кіріп жатыр.

"Алматы жастары" бағдарламасы туралы толығырақ мына жерден біле аласыз. 

Сұхбаттасқан: Еңлік Сақтан

Фото Ақбота Мұсабекқызының жеке архивінен

 

Әзірше пікірлер жоқ

Пікір қалдыру үшін жүйеге кіру керексіз.