Асхат Садырбай: Жастарды қолдау - кейінге қалдыруға болмайтын іс

Jastar.online Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, Qazaqstan Team ұйымының жетекшісі, ж...

Қымбат Әбдікерімова: Шетелде оқу үшін ағылшын тілін ғана емес, өз тіліңді де жетік білу керек

Jastar.online Алматы бойынша "Болашақ" корпоративтік қорының директоры, "Болашақ" бағдарла...

Бағдат Анарбаева: "Тарихқа үңілсек, волонтерлық өмір сүру салтымызда бұрыннан бар"

Jastar.online сайты Волонтерлар лигасының Алматы бөлімшесінің төрағасы Бағдат Анарбаевамен Қазақстанд...

1.3 млн теңгемен де үй алуға болады."Алматы жастары" бағдарламасы несімен тиімді?

Журналист Ақбота Мұсабекқызы жақында "Алматы жастары" бағдарламасымен үй алды. Ақбота Jastar.onli...

Марғұлан Сейсембайдан жастарға кеңес

Кәсіпкер Марғұлан Сейсембай Instagram-дағы парақшасында жастарға өмірден түйгенін, көрген-білгенін б...

Бағдат Анарбаева: "Тарихқа үңілсек, волонтерлық өмір сүру салтымызда бұрыннан бар"

Jastar.online сайты Волонтерлар лигасының Алматы бөлімшесінің төрағасы Бағдат Анарбаевамен Қазақстандағы волонтерлық туралы әңгімелесті.

- Қазақстанда волонтерлық қаншалық дамыған?

- Волонтердың негізгі жұмысы – мұқтаж жандарға көмектесу. Қазақ халқының тарихына үңілсек, волонтерлық өмір сүру салтымызда баяғыдан бар. Қазақ халқы мұқтажға жәрдемдесіп, оны қолдайтын болған. Дәстүрлерді зерттесек те, онда волонтерлықтың негізі бар екенін байқаймыз. Елімізде волонтер болу нақты ұғым ретінде енді дамып келе жатыр. 2020 жылдың "Волонтер жылы" болып жариялануының өзі бұл ұғымның кең етек жаюына үлес қосты деп айтсам, қателеспеймін. Оның үстіне пандемия кезінде еріктілердің жұмысы айқын көрінді, солайша жаңа бір деңгейге көтерілді. Волонтерлар халыққа жаңа қырынан танылды.

- Алматы жастарының волонтер болуға талпынысы қандай?

- Алматы халқының ерікті болуға талпынысы өте жоғары. Мегаполисте 14-тен 60 жасқа дейінгі волонтерлар бар. Алматыда біраз адам келіп, үнемі көмектеспесе де, арасында жәрдемдесіп тұрады. Мұндай сала халық арасында көпке дейін танылмаса да, халық волонтерлықтың не екенін жете түсінбесе де, оны Алматы тұрғындары өте жақсы қолдайды.

- Волонтер жылында еріктілерге қандай мүмкіндіктер жасалды және биыл осы салада өзгеріс болды ма?

- Биыл көп жаңалық болып жатыр. Жаңа жобалар пайда болды. Бұрыннан мемлекеттік мекеме болсын, жекеменшік мекеме болсын, бірлесе жұмыс істейтін едік. Биыл "Волонтер жылы" болғандықтан бізге ерекше қолдау, ерекше мүмкіндіктер ашылды. Жұмыс та бұрынғыдан көбейді. Әлеуметтік және волонтерлық бағыттағы жұмыстарымызды да жүзеге асыруға қолдак көрсетіліп жатыр. Осыған орай біз үшін биыл - мүмкіндіктер жылы.

- Пандемия кезінде көмектескісі келетін адам қалай волонтер бола алады? Қазіргі жағдайда еріктілерге қойылатын нақты талап бар ма?

- Пандемия кезінде волонтер болғысы келіп, бізге жүгінген адам көп болды. Оның ішінде бұрыннан ерікті болып, адамдарға көмектесіп жүрген азаматтар бар. Сонымен қатар қарапайым тұрғындар да жетеді. Ұлтына, жасына қарамай барлық адамды біріктірген – олардың адамға көмектессек екен деген ниеті. Осындай оңай емес кезеңде бізбен бірге жұмыс істеу үшін бізге хабарласты, әлеуметтік желіде жазды. Біз олардың әрқайсына жауап беріп, жұмыс барысын түсіндіріп, волонтер болуға шақырдық. Карантин кезінде волонтерға қойылатын басты талап: шын ниет пен қауіпсіздік. Пандемия кезінде волонтер мен ол көмектесіп жатқан адамның саулығы ең бірінші орында. Сондықтан міндетті түрде сақтық шараларын ұстанамыз. Олар - бетперде тағу, қолғап кию және қолды антисептикпен тазартып отыру. Сонымен қатар адамдарға көмектесу кезінде екі метр арақашықтықты сақтаймыз, көмекке мұқтаж адамдарға қатты жақындамаймыз. Аталған талаптар кез келген адамның қауіпсіздігі үшін маңызды.

- Елімізде 30-дан асқан және зейнет жасына дейінгілер волонтерлықпен айналыса ма? Алматы волонтерларының жас шамасы қандай?

- Қазір 14-тен 65 жасқа дейінгі волонтерлар бар. Кәмелет жасына толмаған азаматтар ата-анасының рұқсатымен ғана волонтер бола алады. Жасқа байланысты ешқандай шектеу жоқ. Тек олардың адамдарға, өзінің отандастарына көмектесем деген ниеті жетіп жатыр. Біздің қатарымызда оқушылар да, студенттер мен жұмыс істейтін жастар да, отбасылы азаматтар мен зейнеткерлер де бар. Көзқарасы мен қызығушылығы әртүрлі адамдарды біріктіретін нәрсе – олардың жақсы, ізгі ниеті.

- Елімізде волонтерларға шәкіртақы, жалақы төлене ме?

- Қазақстанда волонтерларға жалақы төленбейді. 2020 волонтер жылы болып жарияланғанда Республика бойынша төрағамыз Айсұлу Ерниязова Елбасының алдында сөйлегенде волонтер студенттердің шәкіртақысын 30%-ке көтеру туралы айтқан еді. Бірақ бұл әлі толық жүзеге аспады. Мүмкін болашақта қаржылай қолдау болатын шығар. Дегенмен волонтерлар шын ниетімен осы салаға келгендіктен ешқандай ақысыз жұмыс істеуден бас тартпайды.

- Волонтер болу жастарға қандай мүмкіндік береді?

- Волонтерлық ең әуелі – үлкен тәжірибе. Себебі ерікті болған кезде адам әртүрлі саланың адамдарымен жұмыс істейді. Сонымен қатар кез келген адаммен тіл табысуды үйренеді. Былайша айтқанда волонтердың әртүрлі сала адамдарымен танысып, бірге жұмыс істеп көруіне мүмкіндік бар. Волонтерлық әсіресе жастарға үлкен өмірге аяқ басуына мүмкіндік беретін саты деп айтуға болады. Себебі бізге оқушы, студент болып келген волонтерлар әр салада жұмыс істеп, кейін сол мекемелерге, мықты компанияларға жұмысқа орналасып жатады. Олар алғашында адамдарға көмектескім келеді деген ниетпен келсе де, кейіннен өзі үшін де жаңа мүмкіндіктер ашылады. Волонтерлардың біразы осылай өз ісін тауып жатады. Одан бөлек волонтер болу адамға көппен танысуға, достасуға, өзінің жақсы қасиетін шыңдауға көмектеседі. Волонтерлықтың осындай тек жақсы жағы бар десем, қателеспеймін.

- Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан: Еңлік Сақтан

Фото Бағдат Анарбаеваның жеке архивінен

  • Жасұлан Avatar
    Жасұлан - 1 ай бұрын
    Осындай жастар елімізде көп болсын!

Пікір қалдыру үшін жүйеге кіру керексіз.