Жігерлендіретін сөздер. Уинстон Черчилль айтқан нақылдар

Назарыңызға көрнекті Британияның мемлекет қайраткері, саясаткер, шешен, тарихшы Уинстон Черчилльдің нақыл сөздерін ұсынамыз.

Адам баласы — теңіз дауылындағы кеме іспетті. Компас сынып, карта ескіріп, капитан борттан шет қалғанда матростар кезекпен оның орнын ауыстыруға мәжбүр. Тек штурвалдың әр бұрылысын командамен ғана емес, палубадағы көбейіп жатқан жолаушылармен де ақылдасу керек.

Сәттілік — ынтаны жоғалтпай, бір сәтсіздіктен екінші сәтсіздікке қадам жасай алу мүмкіндігі.

Ер жүректілік тек тұрып, өз пікіріңді білдіру емес, отырып тыңдай білуде.

Нәтижесінен сабақ алатын қате жіберген адамның артықшылығы көп болады.

Өмірдің ең ұлы сабағы — жынды да кейде дұрыс нәрсе айтатынында.

Ақылды адам барлық қатені өзі жасамайды, ол басқаларға қателесуге мүмкіндік береді.

Сәттілік — біржолата емес. Жеңіліс — пешенеге жазылмаған. Тек жалғастыра беру маңызды.

Кез келген адам өмірінде өзінің "ұлы мүмкіндігіне" шалынып көрген. Алайда көбі орнынан тұрып, үстін бір қағып, ештеңе болмағандай ары қарай жүре алды.

Біздің өміріміз біржақты қозғалыстағы жол секілді. Сол себепті өз бұрылысыңды өткізіп алмау маңызды, себебі кері қарай жол жоқ.

Өмір атты соғыс алаңында бір секунд та жоғалтпай, бірден өз орныңа табан тіре.

Артқы жағынан қара мата ұстап тұратын адам табылмайынша, ешқандай да жұлдыз жарқырай алмайды.

Мен доңыздарды жақсы көремін. Иттер бізге төменнен жоғары қарай, ал мысықтар жоғарыдан төмен қарай қарайды. Тек доңыздар бізді тең көреді.

Мектептің білім берумен еш байланысы жоқ. Ол - балалардың қарым-қатынас жасауын бақылайтын институт.

Қажет жағдайды қолдана білу аздық етеді, оны қолдан жасай білу де керек.

Әрбір үрген итке тас лақтыру үшін тоқтай беретін болсаңыз, ешқашан діттеген орныңызға жетпейсіз.

Өткен мен бүгінді жанжалдастырып жүріп, біз болашақты жоғалтқанымызды байқамай қаламыз.

Саясаткер ертең және арғы күні не боларын болжай алуы керек. Ал кейін оның не себепті болмағанын түсіндіре алуы керек.

Мен қашан да үйренуге дайынмын, бірақ маған үйреткен кездер өте сирек ұнайды.

Қырандар үндемегенде тотықұстар сөйлейді.

Пессимист — әр мүмкіндіктен қиындықты көреді, ал оптимист — әр қиындықтан мүмкіндік көреді.

Бақыт пен денсаулық тілемеңіз, сәттілік тілеңіз. "Титаник" жолаушыларының барлығы бай-қуатты болды, ал жолы болғыштары бірнешеу ғана.

Мен — оптимистпін. Басқа біреу болудың маңызын көріп тұрған жоқпын.

Соғыс деген шын мәнінде өрескел қателердің каталогі.

Сенің жауың бар ма? Керемет. Демек сен кезінде өз ойыңды қорғағансың.

Англияның мәңгілік достары жоқ, оның тек мәңгілік мүдделері ғана бар.

Адамды жасына қарап емес, мәдениеті мен біліміне қарай бағалауымыз керек

Мен жас кезімде революцияшыл болдым. Ақыл тоқтатып, ақ пен қараны ажырата алатын шақта консерватор болуға бекіндім.

Диктаторлар өзінің аудармашысы мен жеке тіс дәрігерінен қорқуға тиіс. Себебі осы екеуінің қатесі оны өлімге апаруы мүмкін.

Сіздің қарсыластарыңыз бар ма? Ештеңе етпейді. Демек сіз бір кездері өз дегеніңізді жасай алдыңыз.

Жетістік ол - энтузиазмды жоғалтпай, сәтсіздіктен сәтсіздікке дейін қимылдай білу.

Сұңқар желмен бірге емес, желге қарсы ұшқанда жоғарыға көтеріледі.

Кез келген дағдарыс бір жаңа мүмкіндікті тудырады.

Дау кезінде сөзіңіз соңғысы болсын десеңіз, қарсыласыңызға "сіздікі, шамасы, дұрыс" деңіз.

Өз сана-сезіміңізді өзгерте отырып, сіз өз әлеміңізді жасайсыз.

Менен "Не үшін күресіп жатырмыз?" деп жиі сұрайды. Менің жауабым: "Күресіп болғаннан кейін білесіңдер".

Әзірше пікірлер жоқ

Пікір қалдыру үшін жүйеге кіру керексіз.