Пандемия кезінде қандай тағамнан бас тартқан дұрыс?

Тамақтану ағзаның иммунитетіне әсер ететіні белгілі. Сондықтан пандемия кезінде қандай тағамдарды тұтынатыныңызға ерекше назар аударған жөн.

Сонымен қатар белгілі бір тағамдардан бас тарту керек. Бұл туралы эпидемиолог Ольга Ненастина айтты деп хабарлады РИА Новости.

"Негізінде консервілерден бас тарту керек, мұндай өнеркәсіптік өңделген өнімдер тағамдық құндылығынан айырылады. Сонымен қатар қуырылған тағамдар мен фастфудты тұтынуды азайтқан жақсы", - деді.

Маман қантты тұтынуды бақылауға алу керек екенін де атап өтті. Өйткені ол тамыр қабырғаларының өткізгіштігіне де, бактериялардың көбеюіне де әсер етеді. Ағзаны жеткілікті мөлшерде дәрумендермен және минералдармен толықтыру маңызды.

Оның ең оңай жолы – көкөністер мен салат жапырақтары. Сондай-ақ балық, теңіз өнімдері, құс етін радионға үнемі қосып, сұйықтықты көп ішкен жөн.

Әзірше пікірлер жоқ

Пікір қалдыру үшін жүйеге кіру керексіз.