"Халық алғысы" медалімен марапатталған Алматының волонтерлары Президентке алғыс білдірді

Алматылық волонтерлар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдірді деп хабарлайды Almaty.tv.

Еске салайық, бүгін Алматы медицина қызметкерлері, волонтерлер, әлеуметтік белсенділер және БАҚ өкілдері коронавируспен күреске қосқан үлесі үшін «Халық алғысы» медалімен марапатталды.

"Пандемияның басында, әрине, бұл өте қиын болды, біз қиын кезеңді бастан өткердік. Біздің волонтерлер қаланың жедел штабымен бірге бар күштерімен жұмыс жасады. Олар мұқтаж адамдарға көмектесті, жан-жақты көмек көрсетті. Біздің жұмысымыз елеусіз қалмағаны үшін Президентке, қала әкімдігіне берген осы сыйлығы үшін рахмет. Мен барлық қазақстандықтарға денсаулық тілеймін, коронавирус пандемиясы тезірек өтсін", - деді Тастанбек Нұрсұлтан, Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының волонтері.

Алматыдағы «Халық алғысы» медалімен әр түрлі саладағы 275 адам марапатталды, олардың 70% -ы медицина қызметкерлері. Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ерекше көзге түскен азаматтарды COVID-19-қа қарсы күресте көтермелеу үшін «Халық алғысы» медалі құрылды.

Әзірше пікірлер жоқ

Пікір қалдыру үшін жүйеге кіру керексіз.