Волонтерлар астаналық зейнеткерлер мен ардагерлерге азық-түлік пакеттерін жеткізді

Нұр-Сұлтанда волонтерлар жалғыз тұратын зейнеткерлерге, ерекше қажеттілігі бар қарт адамдарға, тыл және Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне азық-түлік себеттерін жеткізді. Барлығы белсенділер 50 қарт адамға гуманитарлық көмек берді.

"Ата мен әже үшін сыйлықтар мен заттар емес, назар мен қамқорлық маңызды. Осындай науқандардың арқасында волонтерлар егде жастағы адамдармен байланысады. Мұндай қарым-қатынас жастарды да, ересектерді де шабыттандырады", - дейді волонтер Ажар Абдиева.

Еске сала кетейік, осы жылдың мамыр және шілде айларында "Жеңіс" жобасы аясында SK Volunteer волонтерлар лигасы Қазақстанның 35 қаласынан 600-ден астам Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне көмектесті. Жалпы жыл соңына дейін республика бойынша 1500-ден астам қарт адамдарға әлеуметтік-тұрмыстық көмек көрсету жоспарланып отыр.

Әзірше пікірлер жоқ

Пікір қалдыру үшін жүйеге кіру керексіз.