Елордада жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыру жалғасады

Елорда әкімі Алтай Көлгінов бүгін бірқатар қолжетімді әлеуметтік тұрғын үй құрылысының барысыме...

Жұмыссыз жастар қалай тәжірибе жинай алады?

Жастар тәжірибесі үшін төленетін еңбекақы 89 540 теңгені құрайды деп хабарлады елорда әкімдігінің р...

Алматылықтар үшін ақылы жастар тәжірибесі: 150-ден астам түлек жұмысқа орналасты

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша мегаполисте Жастар Ресурстық Орталықта...

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі бүгіннен бастап "Шаңырақ 5-10-20" бағдарламасын жүзеге асырады

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде 17 тамыздан бастап "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасыны...

Жыл басынан бері "Еңбек" бағдарламасымен 23 мыңға жуық алматылық жұмысқа орналасты

720 алматылық жыл басынан бері ақысы төленетін жастар практикасына жіберілген....

"7-20-25" бағдарламасы бойынша биыл 24 мыңға жуық өтінім мақұлданды

Ұлттық банктің қаржыландыруы есебінен тұрғын үй құрылысын қолдау жалғасуда.

Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қазақстан экономикасын қолдау үшін Мемлекет басшысының дағдарысқа қарсы бастамаларын іске асыру жалғасып жатыр. "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы бойынша осы жылғы 9 қазандағы жағдай бойынша банктер жалпы сомасы 417 млрд теңгеге 450 өтінімді мақұлдап, 380,4 млрд теңге сомасына 661 қарыз берді.

Төтенше жағдайдың енгізілуінен зардап шеккен ШОБ субъектілерін жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасы бойынша осы жылғы 9 қазанда кәсіпкерлер 563,9 млрд теңге сомасына 2 275 өтінім берді, 419,5 млрд теңгеге 3 887 қарыз берілді. Оның ішінде 65,8 млрд теңге бұрын берілген қарыздарды өтеуден түскен ақша есебінен берілді", - деді ол.

Оның атап өтуінше, Ұлттық банктің қаржыландыруы есебінен тұрғын үй құрылысын қолдау жалғасуда.

"7-20-25» бағдарламасы бойынша осы жылғы 8 қазанда 280,5 млрд теңгеге 23 935 өтінім мақұлданды. Оның ішінде 219,4 млрд теңге сомасына 18 822 қарыз берілді. Ал Ұлттық банктің «Баспана Хит» нарықтық ипотекалық бағдарлама бойынша осы жылғы 8 қазанда 374 млрд теңге сомаға 42 736 өтінім мақұлданды, 294 млрд теңге сомасына қарыз берілді", - деді Ерболат Досаев.

Әзірше пікірлер жоқ

Пікір қалдыру үшін жүйеге кіру керексіз.