"Дипломмен ауылға" бағдарламасымен қандай мамандар жұмысқа орналаса алады?

"Дипломмен ауылға" бағдарламасы туралы мәлімет ұсынамыз. Мұнда бағдарлама бойынша қандай ма...

"Болашақ" халықаралық стипендиясына құжат қабылдау басталды

Білім және ғылым министрлігі магистратура, докторантура, резидентура және тағылымдама бағдарлам...

"Еңбек" бағдарламасы арқылы қанша адам жұмысқа орналасты?

Биылғы 6 айда 283 мың адам Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылд...

Білім беру грантына өтінішті 30 шілдеге дейін беруге болады

Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініштерді тапсыру мерзімі 30 шілдеге ...

Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін түрғын үйге өтініштер қабылданады

Алматы әкімдігі 2020 жылғы 30 маусым мен 3 шілде аралығында Алматыда жұмыс істеп жатқан жаста...

"7-20-25" бағдарламасы бойынша биыл 24 мыңға жуық өтінім мақұлданды

Ұлттық банктің қаржыландыруы есебінен тұрғын үй құрылысын қолдау жалғасуда.

Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қазақстан экономикасын қолдау үшін Мемлекет басшысының дағдарысқа қарсы бастамаларын іске асыру жалғасып жатыр. "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы бойынша осы жылғы 9 қазандағы жағдай бойынша банктер жалпы сомасы 417 млрд теңгеге 450 өтінімді мақұлдап, 380,4 млрд теңге сомасына 661 қарыз берді.

Төтенше жағдайдың енгізілуінен зардап шеккен ШОБ субъектілерін жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасы бойынша осы жылғы 9 қазанда кәсіпкерлер 563,9 млрд теңге сомасына 2 275 өтінім берді, 419,5 млрд теңгеге 3 887 қарыз берілді. Оның ішінде 65,8 млрд теңге бұрын берілген қарыздарды өтеуден түскен ақша есебінен берілді", - деді ол.

Оның атап өтуінше, Ұлттық банктің қаржыландыруы есебінен тұрғын үй құрылысын қолдау жалғасуда.

"7-20-25» бағдарламасы бойынша осы жылғы 8 қазанда 280,5 млрд теңгеге 23 935 өтінім мақұлданды. Оның ішінде 219,4 млрд теңге сомасына 18 822 қарыз берілді. Ал Ұлттық банктің «Баспана Хит» нарықтық ипотекалық бағдарлама бойынша осы жылғы 8 қазанда 374 млрд теңге сомаға 42 736 өтінім мақұлданды, 294 млрд теңге сомасына қарыз берілді", - деді Ерболат Досаев.

Әзірше пікірлер жоқ

Пікір қалдыру үшін жүйеге кіру керексіз.