"Birgemiz: Úmit" жалпыұлттық жобасы конкурс жариялайды

"Birgemiz: Úmit" жалпыұлттық жобасы аясында еліміздің барлық өңірлерінде азаматтардың жеке күш...

Карантин кезінде еріктілер лигасы қандай көмек көрсетті?

"Қазақстан еріктілер лигасы" ҚҚ Алматы филиалының төрайымы Бағдат Анарбаева еріктілерден...

"Мейірім-2020" еріктілер қозғалысының "Көңілді достар қолдау орталығы" атты жобасы грант ұтып алды

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы КЕАҚ-ның "...

"Мейірім-2020" еріктілер қозғалысының "Тазалық – денсаулық кепілі" жобасы жеңіске жетті

"Birgemiz: sabaqtastyq" жалпыұлттық жобасын жүзеге асыру аясында Kazbrands қоғамдық қоры ұсынған шағы...

Абай атындағы ҚазҰПУ волонтерлері гуманитарлық жүктерді түсіру және қабылдау процесіне қатысты

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының гуманитарлық жүктері Алматыға келді: бетперделер, халатт...

"Біргеміз" қорынан 5 млрд теңге аймақтарға аударылды

Атаулы көмек қаражаты өңірлерге 100% аударылды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Nur Otan» партиясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазірдің өзінде елдің әлеуметтік осал топтарына бір реттік көмек көрсету үшін «Біргеміз» қорынан 5 миллиардтан астам теңге еліміздің аймақтарына жіберілді. Қор басшылығы аптаның аяғына дейін барлық қаражатты бөлу туралы нақты міндет қойды.

Партияның жіті бақылауымен әкімдіктер қаражатты алушылардың тізімдерін жасап үлгерді. Төлемдер мұқтаж жандардың банктік карталарына автоматты түрде түседі, операция нәтижесі бойынша банк соманың есептелгені туралы SMS хабарлама жібереді.

Материалдық көмек мына 7 санаттағы азаматтарды қамтиды, олар:

аз қамтылған көпбалалы отбасылар,

мұқтаж мүгедектер, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасылар,

зейнеткерлер,

ең төменгі зейнетақы алатындар және халықтың әлеуметтік осал топтарының тізіміне енетіндер,

жетім балалар (жетім балалар және асыраушысының бірін жоғалтқан балалар),

Ұлы Отан соғысының ардагерлері және оларға теңестірілген мүгедектер,

тыл еңбеккерлері.

Сонымен қатар қор есебінен Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы Мырзакент ауылында 20 үйдің құрылысы аяқталды. 12 үйдің құрылысы жалғасып жатыр.

Әзірше пікірлер жоқ

Пікір қалдыру үшін жүйеге кіру керексіз.