Волонтерлар БҚО оқушыларына ағылшын тілін және компьютер бағдарламаларды тегін үйретеді

Жоба жетекшісі Азат Сейтімов Волонтер жылы облыста "Жас қанат" ЖҚБ ұйымдастырған "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ мемлекеттік гранты аясында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Birgemiz: Bilim жалпыұлттық жобасы іске асырылып жатқанын айтты.

"Жоба ауыл оқушыларын бес бағыт бойынша оқытуға бағытталған. Оқытуды волонтерлар жүргізеді. Атап айтқанда, олар компьютерлік бағдарламаларға оқыту курстарын, ҰБТ-ға, олимпиадаларға және ғылыми жобаларға дайындалу, сондай-ақ оқушылардың құқықтық сауатын арттыру және ағылшын тілін білуді жақсарту курстарын өткізді," - деп атап өтті Азат Сейтімов.

Айта кету керек, жобаға қатысуға 100 волонтер іріктеліп алынды, олар мың оқушыны оқытады.

"Волонтерлар бірден сабақ бермейді, алдымен сауалнаманы толтырады және сараптамалық кеңестің шешімімен Жобаға қабылданады. Содан кейін іріктелген волонтерлар әртүрлі семинар-тренингтен өтеді. Атап айтқанда, оқушылармен қарым-қатынас тақырыптары, оқудағы түрлі қиындық, оқудағы жаңа идеялар бойынша. Әр бағыт бойынша бірнеше семинар – тренингтер өткізілді, сонымен қатар пандемия кезіндегі сақтық шараларымен аурулардың алдын алу бойынша онлайн-тренинг ұйымдастырылды. Осыдан кейін ғана олар сабақ бере бастайды", - деп атап өтті Азат Сейтімов.

Әзірше пікірлер жоқ

Пікір қалдыру үшін жүйеге кіру керексіз.