ШҚО волонтерларының көмегімен хабарсыз кеткен 50-ден астам адамның мекен-жайы анықталды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы бойынша 2020 жыл Қазақстанда Волонтер жылы деп жарияланды.

Бұл ақшалай сыйақыны есептемей, қоғамның игілігі үшін ерікті түрде жүзеге асырылатын қызметтің кең ауқымы.

ШҚО полиция департаменті волонтерлармен және волонтерлық ұйымдармен Облыстың ішкі саясат басқармасымен бірлесіп жұмыс жүргізіліп жатыр.

Жалпы Шығыс Қазақстан облысы бойынша 1 200-ден астам волонтерларды біріктіретін 30 волонтерлық ұйым бар. Криминалдық полиция бөлімшелерінің, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бойынша және жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері волонтерлық ұйымдармен белсенді ынтымақтасады және өзара іс-қимыл жасайды.

200-ге жуық адам құқық бұзушылықтың алдын алу және азаматтардың шектеу шараларын сақтауын бақылау бойынша ШҚО ПД жүргізіп жатқан жұмысқа тартылды.

2020 жылы Құқықтық тәртіп сақшылары волонтерлармен бірлесіп есірткі сату бойынша интернет-ресурстарға сілтемелері бар 87-ге жуық граффити-суретті алып тастады. Хабар - ошарсыз кеткен 50-ден астам адамның, оның ішінде үйден кеткен 24 кәмелетке толмағанның мекенжайы анықталды, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Әзірше пікірлер жоқ

Пікір қалдыру үшін жүйеге кіру керексіз.