JIGER2020 MARATHON: онлайн марафон лагерінің жеңімпаздары анықталды

Тамыз айының 30 күні Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен "Азаматтық баст...

Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша іс-шаралар басталды

Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру – мемлекеттің өміршеңдігіне әсер ететін негізгі рухани...

"Мен елімнің ертеңімін" тақырыбында өткен республикалық эссе жазу байқауы мәресіне жетті

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығ...

"Мен елімнің ертеңімін" тақырыбында республикалық эссе жазу байқауы басталды

Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру – мемлекеттің өміршеңдігіне әсер ететін негізгі рухани...

Қазақ мәдениетінің қазынасы құнды кітаптармен толықты

Әл-фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасының ұйымдастыру...

Білім министрлігі көркем әдебиет балаларға қолжетімді болуы үшін арнайы жоба әзірледі

ҚазАқпарат – Көркем әдебиеттің балаларға қолжетімді болуы үшін арнайы жоба әзірленді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Білім және ғылым саласына қарасты 7096 кітапхана жұмыс істейді. Мектептерде – 6461, колледждерде – 579, жоғары оқу орындарында – 56, сондай-ақ Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхана қызмет етуде. Ал білім беру ұйымдарындағы жалпы кітап қоры – 267 325 289. Саны, әрине, көңіл көншітерлік. Дегенмен олардың қаншасы көркем әдебиет? Сол көркем әдебиеттің қаншасы қазақ тілінде? Мектеп кітапханалары жаңа кітаптармен қаншалықты жиі толықтырылады? Э. Берроуз, А. Азимов, М. Твен, Ж. Верн және басқа авторлардың еңбектері қазақ тіліне аударылған ба? Бұл тұрғыда айтарлықтай проблемалар бар», - деп жазды министр әлеуметтік желідегі парақшасында.

Оның айтуынша, кітапхана қоры негізінен оқулықтардан тұрады, ал көркем әдебиет саны аз. Олардың басым бөлігі кеңестік кезеңде пайдаланылған идеологиялық сипаттағы кітаптар. «Әсіресе қазақ тілінде жазылған қазіргі заманғы көркем әдебиет – жоқтың қасы. Көркем әдебиеттің балаларға қолжетімді болуы үшін министрлік арнайы жоба әзірледі. Жоба аясында білім беру ұйымдарына қарасты кітапханалардың материалдық-техникалық және ақпараттық базасын жақсарту, балаларға арналған көркем әдебиетті жыл сайын сатып алуды жүзеге асыру бойынша шаралар қабылданатын болады.

Сондай-ақ Ұлттық білім академиясы әдебиет, тіл институттарымен, «Оқулық» орталығымен, Ұлттық ғылыми кітапханамен, НЗМ, БИЛ бірлесіп ұсынылған әдебиеттер тізімін құруға кірісті. Жоба аясында қазақ әдебиетінің де, қазақ тіліндегі әлем әдебиетінің де қолжетімді болуына ерекше назар аударамыз. Одан өзге кітапханаларды ғылыми фантастика жанрындағы кітаптармен қамтамасыз ету де маңызды», - деді Асхат Аймағамбетов.

 

Әзірше пікірлер жоқ

Пікір қалдыру үшін жүйеге кіру керексіз.