JIGER2020 MARATHON: онлайн марафон лагерінің жеңімпаздары анықталды

Тамыз айының 30 күні Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен "Азаматтық баст...

Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша іс-шаралар басталды

Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру – мемлекеттің өміршеңдігіне әсер ететін негізгі рухани...

"Мен елімнің ертеңімін" тақырыбында өткен республикалық эссе жазу байқауы мәресіне жетті

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығ...

"Мен елімнің ертеңімін" тақырыбында республикалық эссе жазу байқауы басталды

Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру – мемлекеттің өміршеңдігіне әсер ететін негізгі рухани...

Қазақ мәдениетінің қазынасы құнды кітаптармен толықты

Әл-фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасының ұйымдастыру...

Қызылордалық жастар туған жерді тануға арналған жобаларды қолға алды

Қызылордалық жастар туған жерді тануға арналған түрлі жобаларды жүзеге асырып келеді, деп хабарлайды jastar.online сайты inform.kz сілтеме жасап.

Бұл жобалар Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынып отыр.

«Jas Otan» жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Әлішер Қардашов жастардың туған жер тарихын білуге қызығушылығы зор екенін атап өтті. Сондықтан «Jas Otan» жастар қанаты облыстық жастар ресурстық орталығымен бірлесе отырып арнайы жобаны қолға алған.

«Сыр өңірінде қазақ тарихында айрықша орын алатын тарихи орындар саны емес. Қасиетті топырақта халқымыздың қадым заманнан бергі сан алуан құпиясы сыр бүгіп жатыр. Осыған байланысты жастарды туған жер тарихын тануға бағытталған игі істерге бірге атқаруға шақырдық. Осы бағытта Жаңақорған ауданы аумағындағы Сығанақ, Сауран қалаларымен танысып қайттық. Қазақ тарихында Сығанақ қаласының алатын орны ерекше. Ол - кезінде қыпшақ даласының айлағы атанған киелі мекен. Одан кейінгі кезекте Ақ орданың бас қаласы атанды», - дейді ол. Биыл әлемді жайлаған пандемия салдарынан бірқатар жобалар кешеуілдеп қалған. Десе де, алдағы уақытта рухани жаңғыру бағытындағы маңызды жобалар жалғасын табады. «Ендігі кезекте тарихи қалалармен танысу жобасын Қазалы және Арал аудандарында жалғастыруға мән береміз. Мәселен, Қазалы ауданында оғыз астанасы болған Жанкент шаһары жатыр. Арал ауданындағы Арал теңізі аумағында да қаншама жәдігерлер бар. Бұл жобалар облыстық жастар ресурстық орталығымен бірге жүзеге асырылады», - дейді Ә. Қардашов.

 

Әзірше пікірлер жоқ

Пікір қалдыру үшін жүйеге кіру керексіз.