JIGER2020 MARATHON: онлайн марафон лагерінің жеңімпаздары анықталды

Тамыз айының 30 күні Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен "Азаматтық баст...

Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша іс-шаралар басталды

Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру – мемлекеттің өміршеңдігіне әсер ететін негізгі рухани...

"Мен елімнің ертеңімін" тақырыбында өткен республикалық эссе жазу байқауы мәресіне жетті

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығ...

"Мен елімнің ертеңімін" тақырыбында республикалық эссе жазу байқауы басталды

Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру – мемлекеттің өміршеңдігіне әсер ететін негізгі рухани...

Қазақ мәдениетінің қазынасы құнды кітаптармен толықты

Әл-фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасының ұйымдастыру...

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының 2020 жылғы стипендиаттарының есімдері белгілі болды

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры 2020 жылғы 22 маусым мен 5 қыркүйек аралығында өткен Республикалық атаулы студенттік Стипендиялар байқауының қорытындысын шығарды.

Биыл байқауға Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Қарағанды, Қаскелең, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Семей, Талдықорған, Тараз, Түркістан, Өскемен қалаларынан 354 өтінім келіп түсті. Екі турдың қорытындысы бойынша 80 студент жеңімпаз атанды. Оларға стипендиат сертификаттары табыс етіледі, ай сайын 40 000 теңге мөлшерінде стипендия белгіленеді және «Нұрсұлтан Назарбаев Қорының стипендиаты» мәртебесі беріледі.

Бұл байқау оныншы рет ұйымдастырылды. Осы уақыт ішінде Қордың стипендиаттары 719 адам болды. Бұл жобаның мақсаты жоғары және орта арнаулы (өнер және мәдениет) оқу орындарының күндізгі оқу студенттерінің оқу, ғылыми және шығармашылық қызметін көтермелеу.

Байқауға қатысу үшін студенттер академиялық үлгерімнің максималды көрсеткіштеріне ие болуы, студенттер мен оқытушылар арасында беделге ие болуы, оқу орнының қоғамдық, ғылыми-зерттеу және практикалық қызметіне белсенді қатысуы қажет. Стипендиаттар екі жыл оқу барысында GPA балы жоғары транскрипттермен, сертификаттармен, грамоталармен, дипломдармен, ғылыми жұмыстарының болуымен және конференциялар мен симпозиумдарда сөз сөйлеуімен өз жетістіктерін растайды.

Айта кетейік, байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші турда оқу орны Республикалық жарысқа қатысу үшін өзі белгілеген тәртіппен үздік студенттерді іріктейді. Одан кейін үміткерлердің өтінімдері Нұрсұлтан Назарбаев Қорының конкурстық комиссиясына келіп түседі, онда жеңімпаздар қайта іріктеледі.

- Көп жылдар бойы Нұрсұлтан Назарбаев Қорының стипендиясы Қазақстан студент жастарының белсенді және талантты өкілдері үшін жоғары мотивация және қолдау болды. Пандемия кезінде студенттер қашықтан оқыту форматына көшу, бір-бірімен әлеуметтік қарым-қатынастағы шектеулерге байланысты жаңа қиындықтарға тап болады. Ай сайынғы негізде стипендия алу сияқты қолдау бүгінгі қиын-қыстау кезеңде оларды жаңа табыстарға шабыттандырады және үздік оқуға ынталандыруды жалғастыра беретін болады, - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев Қорының Алматы қаласындағы өкілдігінің директоры Сергей Тохтаров.

Қордың стипендиясы бір оқу жылына белгіленеді, ал оның иегерлері табысты оқуы үшін мемлекет белгілеген өзге де көтермелеулерге үміткер бола алады.

Жеңімпаздардың есімдерімен файлды жүктеп, танысуға болады.

Победители_искусство и культура

Победители_вузы

Әзірше пікірлер жоқ

Пікір қалдыру үшін жүйеге кіру керексіз.