JIGER2020 MARATHON: онлайн марафон лагерінің жеңімпаздары анықталды

Тамыз айының 30 күні Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен "Азаматтық баст...

Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша іс-шаралар басталды

Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру – мемлекеттің өміршеңдігіне әсер ететін негізгі рухани...

"Мен елімнің ертеңімін" тақырыбында өткен республикалық эссе жазу байқауы мәресіне жетті

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығ...

"Мен елімнің ертеңімін" тақырыбында республикалық эссе жазу байқауы басталды

Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру – мемлекеттің өміршеңдігіне әсер ететін негізгі рухани...

Қазақ мәдениетінің қазынасы құнды кітаптармен толықты

Әл-фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасының ұйымдастыру...

Қазақ мәдениетінің қазынасы құнды кітаптармен толықты

Әл-фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасының ұйымдастыруымен 2020 жылғы 20 қарашада белгілі ғалым, философия ғылымдарының докторы, профессор Тұрсын Хафизұлы Ғабитовтың жаңа оқулықтарының тұсаукесері өтеді.

Еліміздің білім беру және ғылыми саласы қоғамдық ғылымдардың әдіс­намалық құралдар мен нұсқаулар қорын оқулықтармен толықтыруды қажет ететіні мәлім. Осы орайда, қазіргі заманның жаһандық сын-қатерлері контексінде қазақтанудың әдіснамалық және практикалық мәселелерін талқылау жоспарлануда.

Тақырыптардың негізгі бағыттары: қазақ мәдениеті тарихы мен теориясының, сондай-ақ, орта және жоғары білім беру жүйесінде мәдениеттануды оқытудың өзекті мәселелері, Қазақстандағы мемлекеттік идеологияның, қазақ этикасы тарихы мен теориясының және қазақ философиясының тарихы мен теориясын, сондай-ақ, этиканы оқытудың өзекті мәселелері.

Оқулықтар тізімі:

Ғабитов Т.Х. Қазақ мәдениетінің теориясы мен тарихы (Алматы: Лантар Трейд, 2020), Ғабитов Т.Х. Қазақ этикасының теориясы мен тарихы (Алматы: Лантар Трейд, 2020), Алимжанова А.Ш. Қазақ эстетикасының теориясы мен тарихы (Алматы: Лантар Трейд, 2020), Т. Жандаулет. Мемлекеттік идеология және ақпараттық идеологиялық кеңістік (Алматы: Лантар Трейд, 2020), Ғабитов Т.Х., Р. Зейнуллин, Е. Осербаев. Қазақстандағы мәдени туризм (Алматы: Лантар Трейд, 2020),  Т.Х. Ғабитов. Қазақ философиясы (Алматы: Лантар Трейд, 2019), Габитов Т.Х. Казахская культура: теория и история (Алматы: Лантар Трейд, 2020), Tursun Gabitov. Kazakh Culture challenges  (Алматы: Лантар Трейд, 2020) 

Өтетін орны мен уақыты:

Әл-фараби Ғылыми кітапханасы,

2-қабат, 201-аудитория

20 қараша, сағ. 14.00

  • Гүлнұр Avatar
    Гүлнұр - 1 күн бұрын
    Өте пайдалы мәліметтер шығарасыздар. Сайттың қолданылу да өте ыңғайлы 😍

Пікір қалдыру үшін жүйеге кіру керексіз.