Жас мамандардың көпшілігі жұмысқа орналасу мақсатында шетел асуға дайын

EY компаниясы қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттері жұмыс берушілердің брендтерін қала...

Волонтер жылының ресми жабылу рәсімі өтті

Қасым-Жомарт Кемелұлының қатысуымен Волонтерлар жылының ресми жабылу салтанаты өтті. ...

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫ ҚОЛДАУҒА АРНАЛҒАН АЗАМАТТЫҚ ОРТАЛЫҚ ӨЗ ЖҰМЫСЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

Азаматтық қоғам – саяси үкіметке тәуелсіз жұмыс істейтін және оған ықпал жасауға қабілет...

«Волонтер жылының» жабылуына байланысты Халықаралық онлайн конференция өтті⠀

Бүгін «Волонтер жылының» жабылуына байланысты Халықаралық онлайн конференция өтті. ⠀  ...

"Бәрінен де сен сұлу..." атты халықаралық онлайн ән фестивалі өтеді

Қазақстанның халық әртісі, қазақ вальсінің королі, композитор Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығына ора...

Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша іс-шаралар басталды

Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру – мемлекеттің өміршеңдігіне әсер ететін негізгі рухани тірегі бола отырып, қоғамның дамуына, азаматтың адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына, жастардың әскери іске қызығушылығын арттыруға негіздейтін маңызды бағыттардың бірі.

Бұл жөнінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біз тәуелсіз еліміздің айбынды жастарына әрқашан зор үміт артамыз, сенеміз. Қазақстанның әрбір жетістігі – жас өрендердің алаңсыз, жарқын келешегі үшін жасалған қадам. Бүгінде біздің елімізге барша әлем қауымдастығы құрметпен қарайды. Мемлекетіміз қарқынды дамуда. Еліміздің абыройын арттыру сіздердің Отан алдындағы қастерлі борыштарыңыз болып табылады». Қазіргі ел өміріндегі бірқатар проблемаларды шешу көп жағдайда азаматтық қоғамның даму деңгейіне, жоғары патриоттық сананың қалыптасуына, өз еліне деген мақтаныш сезімге, Отанының мүдделерін қорғау жөніндегі азаматтық борышты орындауға дайындығын тәрбиелеуге байланысты. Жас өрендер бойында патриоттық сананы қалыптастыру тек қана жиын өткізумен шектеліп қалмауы тиіс. Бұл бағытта атқарылатын жұмыстар балабақша, мектеп қабырғасынан оқу-тәрбие процесінің ең өзектісі, ең маңыздысы болып белгіленуі қажет. 

Осы орайда ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ гранттық жобасы негізінде «Алматы студенттер Альянсы» КҚ ұйымдастыруымен «Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша кешенді іс-шараларды өткізу» жобасы бастау алды. Жоба аясында республикалық әскери-патриоттық лагерь, «Мен елімнің ертеңімін» тақырыбы бойынша республикалық эссе жазу байқауы, ҚР Қарулы күштері қатарындағы құрметті тұлғалармен және ардагерлерімен кездесулер, пікірталас алаңдары, оқыту семинарлары, дөңгелек үстелдер, тренингтер, шеберлік сағаттар, әскери қолданбалы өнер сабақтары, сондай-ақ арнайы әскери жаттығу мен тәжірибелік сабақтар, әлеуметтік желілерде пікір мен өзара ой алмасулар, қоғамдық тыңдалым өтеді.

Аталған шара жастармен жұмыс жасайтын әскери-патриоттық клубтардың, бірлестіктердің басшыларына, мамандарына әскери-патриоттық тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша әдістемелік қолдау көрсету мақсатында арнайы ұйымдастырылып отыр.

Әскери-патриоттық лагерге еліміздің 14 облысы және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан арнайы іріктеліп алынған әскери-патриоттық клубтар мен бірлестіктердің мүшелері, белсенді жастар, іс-шара барысында ұйымдастырылған жарыстардың жеңімпаздары қатыса алады.

Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша іс-шаралар кешені жобаға қатысушы жастарға диалогтық алаң құра отырып, тәжірбие алмасуына, өзекті мәселелердің шешімдерін бірлесе табуға, сонымен қатар, жас азаматтардың әскери қызметін өтеуге қажетті қасиеттерін қалыптастыру мен жауынгерлік қабілеттілігін шыңдау мақсатында ұйымдастырылатын іс-шаралар олардың рухани және тұлға жағынан дамып, жетілуіне жүйелі әрі нысаналы түрде ықпал ететініне сенімдіміз. Өйткені, патриоттық тәрбие тұлға қалыптасуының құрамдас бөлігі болып табылады, ол жастардың алған білімдерінің негізінде азаматтық борыш ұстанымымен, жеке бастық мүдделері қоғамдық ұстанымдармен астасып жататын тіршілік әрекеті үлгісіне даярлығын қамтамасыз етуі тиіс.

Жас ұрпақты патриотизмге тәрбиелеу – бұл тұлғаның, елдің, оның мәдениетінің бірегейлігі, әлеуметтің, халықтың әлеуметтік психологиясының ерекшеліктері толымды көрініс табатын қоғамдық өмірді ұйымдастырудың мәні мен мақсаттарын пайымдау арқылы жүйелі дамуы. Патриотизм міндетті түрде тұлғаның жоғары әлеуметтік белсенділігін  көрсетеді, өйткені, оның өзі еңбекте табыстарға жету үшін, қоғамға, ел жұртқа, халыққа қызмет ету үшін биік серпін болып табылады.

Қорытындылай келе, еліміздегі барша патриот, отансүйгіш жастарды республикалық әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша кешенді іс-шараларға белсенді қатысуға шақырамыз.

Әзірше пікірлер жоқ

Пікір қалдыру үшін жүйеге кіру керексіз.