Жас мамандардың көпшілігі жұмысқа орналасу мақсатында шетел асуға дайын

EY компаниясы қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттері жұмыс берушілердің брендтерін қала...

Волонтер жылының ресми жабылу рәсімі өтті

Қасым-Жомарт Кемелұлының қатысуымен Волонтерлар жылының ресми жабылу салтанаты өтті. ...

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫ ҚОЛДАУҒА АРНАЛҒАН АЗАМАТТЫҚ ОРТАЛЫҚ ӨЗ ЖҰМЫСЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

Азаматтық қоғам – саяси үкіметке тәуелсіз жұмыс істейтін және оған ықпал жасауға қабілет...

«Волонтер жылының» жабылуына байланысты Халықаралық онлайн конференция өтті⠀

Бүгін «Волонтер жылының» жабылуына байланысты Халықаралық онлайн конференция өтті. ⠀  ...

"Бәрінен де сен сұлу..." атты халықаралық онлайн ән фестивалі өтеді

Қазақстанның халық әртісі, қазақ вальсінің королі, композитор Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығына ора...

JIGER2020 MARATHON: онлайн марафон лагерінің жеңімпаздары анықталды

Тамыз айының 30 күні Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КеАҚ гранттық жобасы негізінде «Алматы студенттер Альянсы» КҚ ұйымдастыруымен «Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша кешенді іс-шараларды өткізу» жобасы аясында өткен үш күндік әскери-патриоттық бағыттағы онлайн марафон лагері өз мәресіне жетті.

Пандемия жағдайына байланысты биыл марафон онлайн режимде өтті. Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған 200-ге жуық жас онлайн-конференцияда жүздесіп, марафонның жабылу салтанатына қатысты.

"Үш күнге созылған онлайн марафон лагерде тек әскери-патриоттық бағыт қана емес, сонымен қатар, жан-жақты идеологиялық негізде спикерлер шақырылды. Өскелең ұрпақты тәрбиелеу, уақытын тиімді пайдалану жолында ұйымдастырып жатқан жобамызға белсенділік танытып қатысқандарыңызға ұйымдастырушылардың атынан алғыс білдіреміз. Әрдайым белсенді, жаңалыққа құштар жас болыңыздар", - деп тілек білдірді, «Алматы қаласы Студенттер Альянсы» КҚ атқарушы директоры Жасұлан Бостандықұлы.

Республикалық әскери-патриоттық онлайн лагері келесі мақсаттарда өткізілген болатын: жастардың бойында Отанға қызмет ету және оны қорғау идеясын қалыптастыруға, азаматтықты, патриотизмді дамытуға, кәсіби маңызды қасиеттерді, соның ішінде өзін-өзі жетілдіру, тұлғалық өсу және көшбасшылық қасиеттерді дамыту, төтенше жағдай кезінде алғашқы көмек көрсету, әскери саладағы мансап туралы, қоғам өмірінің түрлі салаларында олардың белсенді көрінуіне дайындығын және іскерлігін қалыптастыруға бағытталған әскери-патриоттық қозғалыстың дамуын әдістемелік қолдаун жастарды өз отанының адал патриоты болуға тәрбиелеу, бүгінгі жастар отанымыздың келешегі, сондықтан олармен санасу, пікірін тыңдау қоғамға белсене араласуына көмектесу, жастарды өзінің еліне деген сүйініспеншілікке тәрбиелеу, қоғамымыздағы өзгерістердің барлығына жастардың араласуына бірдей ықпал жасау.

Онлайн марафон лагерді өткізу барысында әскери-патриоттық тәрбие бойынша Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан құрметті азаматтармен кездесулер, дөңгелек үстелдер, оқыту семинарлары, тренингтер, мастер-класстар, пікірталас алаңдары, байқаулар, «Б.Момышұлы оқулары», тарихи орындар мен музейлерге онлайн саяхаттау, сондай-ақ арнайы дайындық және әскери-қолданбалы өнер сабақтары сияқты онлайн іс-шаралар кешені өтті.

Онлайн марафон лагерінде арнайы спикер қонақ ретінде «Жас Сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Қорғаныс Министрлігінің капитаны Мендыгалиев Меирбек Оразович, блогер-журналист Өркен Кенжебек, «Жаңа ұрпақ» мектебінің құрылтайшысы Асхат Абжанов, экономист-блогер Дәулет Мұқаев, белгілі психолог-тренер Махашева Ғалияш, «Сбербанк» АҚ ИТ маманы Ислам Темірбек және экс-депутат, саясаттанушы Мұхтар Тінікеев, «Эко Чистка» компаниясының директоры Динара Бердалы т.б. қоғам қайраткерлері шақырылып, арнайы кездесулер мен семинар-тренингтер өткізілді.

Жғарыда аталған іс-шаралардың барлығы «Zoom: Video conferencing», «YouTube», «Google Classroom және Google сауалнама», «Kahoot.com» платформаларында өткен болатын.

Жобаның негізгі серіктестері ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, ҚР Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы, «Жас Сарбаз» балалар жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» РҚБ, Республикалық өңірлік әскери-патриоттық клубтар болып табылады.

Республикалық онлайн-марафонға еліміздің барлық аймағынан 14-20 жас аралығындағы 400 жуық жас өтініш білдіріп, арнайы сауалнама нәтижесінде 200 қатысушы іріктеліп алынып, онлайн марафон лагерге қатысуға мүмкіндік алған болатын. Үш күнге созылатын онлайн марафонда барлық қатысушылардың белсенділігі арнайы бағалау жүйесімен есептелініп, жүлделі жеңімпаздарға арнайы смартфон – Ибадулла Фаризаға, AirPods құлаққабы –Ергенбай Жанеркеге, планшет – Аида Ерланқызына берілді. Сонымен қатар, барлық қатысушыларға электронды кітап жинақтары, он белсенді қатысушыға кітап топтамалары, онлайн марафон лагерді тәмәмдағаны туралы сертификаттар мен дипломдар үлестірілді.

Барлық қатысушылар онлайн марафонның жоғарғы деңгейді өткенін, атап өтіп, сонымен қатар ұйымдастырушылар мен спикерлерге деген алғыстарын өз әлеуметтік желілерде жариялады.

Әзірше пікірлер жоқ

Пікір қалдыру үшін жүйеге кіру керексіз.