"Бәрінен де сен сұлу..." атты халықаралық онлайн ән фестивалі өтеді

Қазақстанның халық әртісі, қазақ вальсінің королі, композитор Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығына орай Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Өнер және менеджмент институты "Бәрінен де сен сұлу..." атты халықаралық онлайн ән фестивалін ұйымдастыруда. 

Фестивальге Шетелдік және республикалық ЖОО студенттері жеке (жанды дауыста) қатыса алады.

Байқауға қатысу үшін 2020 жылдың 21 желтоқсанына дейін үміткер Ш.Қалдаяқовтың кез келген 2 әнін орындап, сапалы бейнежазбаларын ұйымдастыру комитетінің musik.adistemesi@gmail.com электронды почтасына жолдауы керек.

Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ орын дипломдарымен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Фестиваль 23 желтоқсан күні сағ.12:00-де Қыздар университетінің YouTube каналында Тікелей эфирде өтеді. 

Жас талант, бағыңды сына! Жеңімпаз бол!

Қосымша ақпарат: 8 747 743 42 52

Байқау ережесі төменде:

Байқау ережесі

Әзірше пікірлер жоқ

Пікір қалдыру үшін жүйеге кіру керексіз.