«Волонтер жылының» жабылуына байланысты Халықаралық онлайн конференция өтті⠀

Бүгін «Волонтер жылының» жабылуына байланысты Халықаралық онлайн конференция өтті. ⠀


Конференцияға Ресей, Әзірбайжан, Өзбекстан, Германия, Қырғызстан, Молдова елдерінен сарапшылар қатысты. 


«Қазақстандағы «Волонтер жылы» біздің заманымыздың негізгі жаһандық дағдарысына және екінші дүниежүзілік соғыстан бергі ең үлкен проблемаға айналған COVID-19 пандемиясымен тұспа-тұс келді. COVID-19 миллиардтаған адамды оқшаулаған кезде, ол мыңдаған волонтерлерді бетке арналған маскалар тігу мен көршілес қарт кісілерге сауда жасауға көмектесуден бастап, виртуалды концерттер мен пилатес сабақтарына дейін көптеген инновациялық тәсілдерді қолдануға итермеледі. Оқшаулану және әлеуметтік қашықтық сақтау жағдайында волонтерлер өзгерді және әлі де COVID-19-ға қарсы күресте шешуші рөл атқарады», - дейді Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева.

Конференцияда Волонтерлар жылының 7 бағыты бойынша жасалған жұмыстар қорытыланды. 

Сонымен қатар ертең «Жыл волонтері» байқауының жеңімпаздары жарияланатын болады.

Конференцияның толық нұсқасы төменде:

https://www.youtube.com/watch?v=9BMxLptcWEM&feature=youtu.be

Әзірше пікірлер жоқ

Пікір қалдыру үшін жүйеге кіру керексіз.