ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫ ҚОЛДАУҒА АРНАЛҒАН АЗАМАТТЫҚ ОРТАЛЫҚ ӨЗ ЖҰМЫСЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

Азаматтық қоғам – саяси үкіметке тәуелсіз жұмыс істейтін және оған ықпал жасауға қабілетті әлеуметтік қатынастар мен институттар жиынтығы; дербес жеке адамдар мен әлеуметтік субъектілер қоғамдастығы.

Азаматтық қоғам туралы әр түрлі көзқарастар, әр түрлі бағдарлар бар. Азаматтық қоғам үкімет, билік құрылымдарынан тысқары жатқан әлеуметтік байланысты танытады. Азаматтық қоғам аса дамыған экономикалық, мәдени, саяси, құқықтық қарым-қатынастар болуын талап етеді. 

Қазіргі заман өлшемімен алғанда азаматтық қоғамы ілгерілемеген елдің заман талабына, уақыт сұранысына сай дамуы қиын. Азат күннің алтын қазығы аста-төк қазба байлығы емес, азаматтық қоғам қалыптастыру екенін түсінер кез келді. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та өз Жолдауында «Азаматтық қоғамға қолдау көрсетіп, оның әлеуетін нығайта түсу керек. Сондай-ақ аса маңызды жалпымемлекеттік міндеттерді шешу үшін талқылау жұмыстарына азаматтық қоғамның мүмкіндіктерін кеңінен қолдану қажет», деген болатын. Президенттің бұл сөзінен халық пен атқарушы биліктің ортақ мүдде орайында ықпалдасуының, қоғамдағы белсенділігі жоғары адамдардың заң шеңберінде бірлескен іс-қимылының маңыздылығын ұғамыз. Себебі азаматтық қоғамның белсенді болуы адам капиталын, әлеуметтік-экономикалық дамудың, демократиялық құндылықтардың ел игілігіне айналуының негізгі алғышарттарының бірі.

Азаматтық қоғам ешқашан бірден орнамаған. Біз тоталитарлы қоғамнан на­рық­тық қоғамға өттік. Сол кезде аза­маттық қоғамның дамуына үлес қосатын институттардың жұмысы кенжелеп қалды. Азаматтық қоғамның жандануына үлес қосатын бірден-бір құрылым – үкіметтік емес ұйымдар. Біздің елімізде олар 2000 жылдардан бері қарай қалыптаса бастады.

Барлық функциясын орындап, толық орнады деуге ерте, әлі де уақытты қажет етеді. Жалпы азаматтық қоғам дегеніміз мемлекеттің ішкі мәселелеріне азамат­тардың белсене араласуы. Көптеген шетел­де азаматтық қоғам қалыптасқан, сәтті нәтижелерін де көріп жүрміз. Тіпті ауыл-аймақтың жұмысы да халыққа байланысты.

Осы орайда  ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы «КЕАҚ» мемлекеттік гранты аясында “Bugin association” қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен  «Шығыс Қазақстан облысында «бір терезе» қағидаты бойынша үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсетуге арналған азаматтық орталықтарды ұйымдастыру мен дамыту» жобасы жүзеге асты. Жоба аясында ШҚО үкіметтік емес ұйымдарын дамыту үшін «Азаматтық орталық» ашылды. Азаматтық орталықтан ҮЕҰ мүшелері, бастамашыл топ, азаматтар мен азаматшалар тегін кеңес алды. Күндізгі кеңес 50, онлайн 100, сенім телефонын іске қосылып, 50 азаматқа кеңес берілді. 6 семинар, тренинг ұйымдастырылып, карантиндік ережеге байланысты 51 адамды қамтыды.   Жобаны насихаттау мақсатында 5 бейнеролик түсіріліп, әлеуметтік желілер арқылы насихатталды.  3 республикалық арнаға сұхбат беріліп, электронды БАҚ-қа 12 мақала жарияланды. ҮЕҰ әлеуетін күшейту мақсатында мемлекеттік және орыс тілдерінде әдістемелік нұсқаулық құрастырылып,  200 адамға таратылды. Жоба қорытындысын жариялау үшін ZOOM платформасында онлайн жиын өтті. Іс-шараға 50 азамат қатысты. Сұрақтарға жауап беріліп, тілек жолдаумен жиын аяқталды.

#cisc2020 #qogamgov #ҮЕҰ #Bugin_association #ШығысҚазақстан

Әзірше пікірлер жоқ

Пікір қалдыру үшін жүйеге кіру керексіз.