ПОЛЬШАДА ОҚУҒА АРНАЛҒАН СТИПЕНДИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР

ПОЛЬШАДА ОҚУҒА АРНАЛҒАН СТИПЕНДИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР

Ғалымдарға арналған «Pasific» стипендиялық бағдарлама

Қазақстандық ғалымдар Польшада екі жылдық зерттеу тағылымдамасына өтінім бере алады. Бұл бағдарламаның мақсаты әртүрлі елдерден ғылым кандидаты дәрежесі немесе баламасы бар 50 ғалымға Польша ғылым академиясының институттарында және Варшавадағы халықаралық молекулалық және жасушалық биология институтында екі жылдық ғылыми тағылымдамадан өтуге мүмкіндік беру болып табылады. PASIFIC бағдарламасының стипендиаттары 2021 жылғы конкурстардың нәтижелері бойынша іріктелетін болады. Ай сайынғы шәкіртақы - 2500 евро.

Бағдарламаға қатысу үшін үміткерлерге онлайн режимінде өтініш толтыру және қажетті құжаттарды ұсыну қажет. Құжаттарды қабылдаудың аяқталу мерзімі - 2021 жылғы 30 маусым.

Бағдарлама туралы толық ақпарат келесі сайтта қол жетімді https://pasific.pan.pl/call-1/ .


Стефан Банах атындағы стипендиялық бағдарлама

Осы бағдарлама шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтары гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар саласында магистратурада оқи алады. Бағдарлама азаматтардың білім деңгейі мен білімін арттыру арқылы елдердің әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдесу мақсатында құрылды.
Бағдарламаға қатысу үшін үміткерлерге онлайн режимінде өтініш толтыру және қажетті құжаттарды ұсыну қажет.
Өтінімдерді қабылдаудың аяқталу мерзімі - 2021 жылғы 21 маусым.

Бағдарлама туралы толық ақпарат қол жетімді https://nawa.gov.pl/en/students/foreign-students/the-banach-scholarship-programme .

#jastaronline

Әзірше пікірлер жоқ

Пікір қалдыру үшін жүйеге кіру керексіз.