Жастар - кез келген қоғамның болашағы мен қозғаушы күші. Мемлекеттің тұрақты дамуының негізі - бәсекеге қабілетті жастар буыны, ал бұл тікелей жас қазақстандықтардың білім мен білік сапасына, олардың ұмтылысы мен ынтасына байланысты. Сондықтан да мемлекеттік саясаттың негізгі бағытының бірі - жастар секторы. Жастар секторына Қазақстанда айрықша назар аударылады.
Мемлекеттiк жастар саясатының мақсаты жастардың рухани, мәдени, білім алып, кәсіби және дене бітімінің толыққанды дамуы, шешімдер қабылдау процесіне қатысуы, ойдағыдай әлеуметтенуі және олардың әлеуетін елді одан әрі дамытуға бағыттау үшін жағдайлар жасау болып табылады.
Қасым-Жомарт Тоқаев
ҚР Президентіжастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау
жастарды елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне тарту;
азаматтыққа тәрбиелеу және қазақстандық патриотизм сезімін нығайту болып табылады.
қолжетімді және сапалы білім беруді қамтамасыз ету, ғылыми-техникалық әлеуетті дамыту
денсаулықты сақтау және нығайту, саламатты өмір салтын қалыптастыру
жұмысқа орналасу мен жұмыспен қамту үшін жағдайлар жасау;
жастар арасында кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін жағдайлар жасау;
жас отбасылар және жұмыс істеп жүрген жастар үшін қолжетімді тұрғын үй жүйесін дамыту;
құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікке тәрбиелеу;
экологиялық мәдениетті қалыптастыру;
дарынды жастарды дамытуға жәрдемдесу;
мәдени бос уақыт пен демалыс үшін жағдайларды қамтамасыз ету болып табылады.
2019 Жастардың саны
14-29 жас
қалада 2 175,5 мың
ауылда 1 654,6 мың
жұмыссыздық деңгейі
NEET жастарының үлесі
жастар ресурстық орталықтары
Барлық деңгейдегі әкімдіктер жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңестер
Жастар ісі жөніндегі комитеттер
Жастар ұйымдары