"Жасыл ел" жобасы
"Жасыл ел" – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында" Жолдауы негізінде 2005 жылдан бастап жүзеге асып келе жатқан кешенді бағдарлама. Сол жылы Елордада "Жасыл ел" Жастар еңбек жасағының Республикалық штабы құрылып, барлық аймақта бөлімшелері ашылып, жұмысын бастап кеткен еді.