Enactus Kazakhstan ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік грантының аясында қазақстандықтарды инновациялық жобалардың фестиваль-көрмесіне қатысуға шақырады.
⠀
Фестиваль-көрме инновацияларды, шығармашылық көзқарасты және жобаны басқаруды қолдана отырып, әлеуметтік-экономикалық және экологиялық мәселелерді шешуге өздерінің көзқарастарын ұсынатын іскер серіктестер мен жас авторлардың тиімді өзара әрекеттесу алаңына айналады.
⠀
Қатысу шарттары:
1. Қатысушылар жасы 13-25 жас;
2. enactuskazfest.kz сайтында тіркеліп, ұйымдастырушыларға қысқа бейнетаспа жіберу;
3. Business Innovation Acceleration Hub оқу бағдарламасын өтіп, жобаны қорғау;
4. Инновациялық жобалардың фестиваль-көрмесіне шақыруды қабылдау.
⠀
Өтінімдер екі санат бойынша қабылданады: жеке және топтық.
⠀
✅Инновациядан арманға дейін!
✅Өз мүмкіндігіңізді жіберіп алмаңыз!
Толық ақпарат enactuskazfest.kz сайтында