Алматы жастары 5% - дық мөлшерлемемен баспаналы бола алады.⠀

«Алматы Жастары 3.0» қалалық жеңілдетілген несие беру бағдарламасы аясында өтініштер мен құжаттарды қайта қабылдау 2020 жылғы «22» маусымнан бастап «6» шілде аралығында жүргізілетіндігін хабарлаймыз.
Сонымен қатар, алдыңғы қабылдауда Алматы қаласында тұрақты тіркеудің болмауына байланысты қабылданбаған өтініштер қайта қарастырылады.

Алматы қаласының әкімі Б. Сағынтаевтың тапсырмасын орындау мақсатында, сондай-ақ, қала тұрғындарының ұсыныстарын назарға ала отырып, бағдарламаға өзгеріс енгізілді: қатысушының және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің Алматы қаласында тұрақты тіркеуі болуы жөніндегі талап алып тасталынды. Сонымен қатар, алдыңғы қабылдауда Алматы қаласында тұрақты тіркеудің болмауына байланысты қабылданбаған өтініштер қайта қарастырылады.

Бағдарламаға қатысу үшін өтінішті www.almaty-zhastary.kz сайты арқылы тапсыра аласыздар. Авторизация электрондық цифрлік қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы жүргізіледі, оны ХҚКО-дан алуға болады.

Бағдарлама шеңберінде несие берудің шарттары:

  • Бюджет – 13 млрд. теңгеге дейін:
  • Қарыздың ең жоғары сомасы – 13 млн. теңгеге дейін;
  • Пайыздық мөлшерлеме – 5%;
  • Бастапқы жарна - 10%;
  • Бастапқы және қайталама тұрғын үй алу мүмкіндігі

Қатысу үшін негізгі талаптар:

  1. Қатысушының жасы 35 жасқа дейін (қоса алғанда), өтініш беру кезінде, жұбайының (зайыбының) жасына қарамастан (бар болса). Бағдарламаға негізгі қатысушы ретінде тек ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады;
  2. Үміткерде және оның отбасы мүшелерінде меншік құқығында тұрғын үйдің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үй жағдайының әдейі нашарлауы фактілерінің болмауы, Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік бағдарламалар желісі бойынша алынған отбасының басқа мүшелерінің ортақ бірлескен (үлестік) меншігін құрайтын үлестік меншіктегі үлес немесе жалға берілетін тұрғын үй, бұған: жекешелендіру немесе мұрагерлік құқығы нәтижесінде бағдарламаға қатысушы немесе кәмелетке толғанға дейін отбасы мүшелері алған жылжымайтын мүліктегі үлесті және жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда;
  3. Қатысушының ресми жұмыс өтілі келесі санаттар бойынша Алматы қаласында кем дегенде соңғы 6 ай, міндетті зейнетақы мөлшерлемесімен болу қажет: денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, ЖОО-лар және ҒЗИ, журналистер, әлеуметтік сала (санаттағы неғұрлым толық сипаттамамен сайттағы «АЛМАТЫ ЖАСТАРЫ» ҚАЛАЛЫҚ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕЛЕУ БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСУ ҮШІН ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ ІРІКТЕУ ТӘРТІБІ ҚАНДАЙ» бөлімінен танысуыңызды сұраймыз).
  4. Қосымша Алматы қаласында тіркелген, жарты жылдан кем емес мерзімде әрекет ететін ЖК (бар болса) (аталған талап, мәдениет саласындағы өзін-өзі жұмыспен қамтыған қатысушыларға ғана қатысты).