РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭССЕ КОНКУРСЫ

Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу жөніндегі іс-шаралар кешені аясындағы «Мен елімнің ертеңімін» атты республикалық эсселер байқауы

Мемлекеттің маңызды міндеті азаматтардың бойында жоғары патриоттық сананы, өз Отаны үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру, Отан мүдделерін қорғау бойынша азаматтық борыш пен конституциялық міндеттерді орындауға тәрбиелеу, мағыналы азаматтық ынтымақтастық пен қатыстылық, этносаралық және тұлғааралық өзара түсіністік сезімін қалыптастыру болып табылады.

Республикалық әскери-патриоттық эсселер (пост) байқауы (әрі қарай – эссе байқауы) ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қолдауымен, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ тапсырысымен «Алматы студенттер Альянсы» КҚ ұйымдастыруымен «Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша кешенді іс-шараларды өткізу» жобасы аясында ұйымдастырылуда.

Республикалық эссе (пост) жазу байқауы келесі мақсаттарда өткізіледі: жастарды өз отанының адал патриоты болуға тәрбиелеу, бүгінгі жастар отанымыздың келешегі, сондықтан олармен санасу, пікірін тыңдау қоғамға белсене араласуына көмектесу, жастарды өзінің еліне деген сүйініспеншілікке тәрбиелеу, қоғамымыздағы өзгерістердің барлығына жастардың араласуын.

Эссе байқауының негізгі тақырыбы «Мен елімнің ертеңімін».

Эссе жазба жұмысы 2020 жылдың 15 шілдесіне дейін (қоса алғанда) кешіктірілмей жариялануы тиіс;

Байқауға қатысу тегін.

Жеңімпаздар арнайы дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады:

  • I орын – 100 000 KZT;
  • II орын – 60 000 KZT;
  • III орын – 40 000 KZT;
  • Ерекше көзге түскен жазба жұмыс иелеріне Республикалық әскери-патриоттық лагерге жолдама беріледі.

Байланыс туралы ақпарат

Алматы қ., Қ. Сәтпаев к., 29д, Б блок, 207 каб.

«Алматы студенттер Альянсы» КҚ

Байланысушы тұлға: жоба менеджері – Карсиманов Бакдаулет Садикович

+7 775 346 58 42, e-mail: ask_almaty_2017@mail.ru

«Мен елімнің ертеңімін» республикалық эсселер байқауының ЕРЕЖЕСІ