«ТУҒАН ЖЕР» ФЕСТИВАЛІ БАСТАУ АЛДЫ

Туған жер – бұл жастар шығармашылығының түрлі салаларындағы жас, талантты авторларды қолдауға, өзінің кіші отандарын, жерін, елін дәріптеуге бағытталған іс-шаралар кешені.

Фестиваль өз алдына жастардың шығармашылық қабілеттерін жүзеге асыру, Отанға қызмет ету және туған өлкеге деген сүйіспеншілік туралы жастар шығармашылыгын көпшілікке тарату, сондай-ак жас авторлардың шығармашылығын кеңінен ақпараттық насихаттау міндеттерін қояды.

Фестиваль КР АҚДМ «27» ақпандағы №72 бұйрығымен бекітілген 2020 жылға арналған үкіметтік емес ұйымдар үшін гранттар беру жоспарына сәйкес трантты жүзеге асыру аясында Дельфий комитеті әзірлеген "Туған жер» республикалық патриоттық шығармашылық фестивалі туралы ережеге (бұдан әрі - Еретке) сәйкес өткізіледі. Фестиваль Казахстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранты аясында жүзеге асырылады.

Фестивальді өткізу мақсаты кіші отанды, өз өлкесін, өз елін даңққа бөлейтін жастар шығармашылығының әр түрлі бағыттарында жас, талантты авторларды анықтау

ЕРЕЖЕ 

САУАЛНАМА