"Birgemiz: Saýlyq" жалпыұлттық жобасы аясында шағын гранттар байқауы жарияланды

Байқау аясында ерікті бастамаларын жүзеге асыру үшін 300 000 (үш жүз мың) теңге көлемінде шағын грантқа ие болатын 68 жеңімпаз анықталады.

Байқау Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі тапсырысымен "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ "Birgemiz: Saýlyq" денсаулық сақтау саласына еріктілерді тарту, науқастарды күтуге көмек көрсету, оның ішінде хоспистерде, онкологиялық диспансерлерде және т.б.  жобаларға еріктілерді шақырту бойынша іс-шаралар жоспарын іске асыру, гранты аясында өткізіледі.

Ережеде келеcі түсініктеме аппараты қолданылады:

Ұйымдастырушы – байқаудың ұйымдастыру сұрақтарымен айналысатын үкіметтік емес ұйым;

Өтінім       беруші       –     байқауға        қатысуға        өтінім       берген       Қазақстан Республикасының жеке тұлғасы, бастамашыл тобы, үкіметтік емес ұйымы;

Грант беруші – байқау ұйымдастырушысы;

Грант алушы – грант иеленген байқаудың жеңімпазы.

Байқау мақсаты:

Азаматтардың денсаулық сақтау саласына еріктілерді тарту, науқастарды күтуге, оның ішінде хоспистерде, онкологиялық диспансерлерде және т. б. көмек көрсету жөніндегі жобаларды іске асыруға қатысуын кеңейту.

Байқау міндеттері:

осы саладағы волонтерлікті халық арасында насихаттау;

азаматтардың денсаулық сақтау, науқастарды күтуге көмек көрсету саласындағы бастамаларын қолдау;

әлеуметтік жобалар саласында халықтың кәсіби және тұлғалық дамуына ықпал ету.

Байқау қатысушыларына қойылатын талаптар

Шағын гранттар байқауына қатысуға жеке тұлғалар, бастамашыл топтар және Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдарына рұқсат етіледі.

Барлық өтініш берушілер Qazvolunteer.kz платформасына тіркелген болуы тиіс.

Өтініш жекелей берілген жағдайда, өтініш берушінің жасы 18 жастан жоғары болуы тиіс.

Бастамашыл топтың атынан өтініш берген жағдайда, топ жетекшісінің жасы 18 жастан жоғары болуы тиіс. Топтың қалған мүшелеріне қойылатын талаптар – жасы 16 жастан жоғары. Байқауға қатысуға өтінішті тікелей топ жетекшісі топтың барлық мүшелерін көрсетіп тапсыруы тиіс. Qazvolunteer.kz платформасында тіркелуді топ жетекшісі өтуі керек.

Байқауға қатысатын үкіметтік емес ұйымдар келесі шарттарға сай болуы тиіс: - ұйым ҮЕҰ деректер базасында болуы тиіс.

Өтінімдерді қарастыру барысында еріктілік саласындағы бағдарламаларды/жобаларды жүзеге асыруда тәжірбиесі бар өтінім берушілерге басымдық беріледі. Еріктілік тәжірбиені растайтын сертификаттар, алғыс хаттар, ұсыным хаттар, жарияланымдар қосымша артықшылық болып есептеледі.

Жобаға қойылатын талаптар

Жобалар еріктілік қызмет тәжірибесіне азаматтарды тарту үшін тиімді механизм мен жағымды жағдай жасау арқылы еріктіліктің жүйелі дамуына бағытталған «Birgemiz» Еріктілер жылын өткізу концепциясына сай болуы тиіс.

Жобалар азаматтардың жеке күш-жігерін қолдауға (ерікті миссия) және денсаулық сақтау саласына еріктілерді тартуға, науқастарды күтуге, оның ішінде хоспистерде, онкологиялық диспансерлерде және т.б. барлық аймақтардағы нақты міндеттерді шешуде еріктілердің бастамаларын қолдауға бағытталуы керек. Ұсынылған бастама денсаулық сақтау саласына еріктілерді тартуға, пациенттерге күтім жасауға көмек көрсетуге, еріктілер қызметіне Қазақстан Республикасы азаматтарының белсенді қатысуын ынталандыруға және «Birgemiz: Saýlyq» ұлттық жобасының бағытына сәйкес келетін еріктілерді тартуға тиіс.

Жобалар келесі бағыттар бойынша қабылданады:

- СӨС насихаттау және оның ішінде халықты дәрілік заттарды ұтымды қолдану қағидаттарына оқыту,

- паллиативтік көмекке мұқтаж пациенттерге көмек көрсетуге еріктілердің қатысуы,

- КВИ-мен ауырған науқастарды медициналық-психологиялық оңалтуға қатысу;

- қашықтықтан бақылауды қолдана отырып, үйдегі науқастардың денсаулық жағдайын бақылауға медицина қызметкерлеріне көмек көрсету

- 4.1 тармаққа сәйкес келетін басқа да бағыттар.

Жоба келісімшартқа қол қойылғаннан бастап 2 (екі) ай көлемінде (қыркүйек-қазан) жүзеге асырылуы тиіс.

Байқау комиссиясының қаралымында жүйелі, жүзеге асып жатқан, аймақтағы жағдайды түбегейлі өзгертетін жобалар артықшылыққа ие болады.

Жоба аясындағы шығындар еңбекақы, офистің қамтылуы секілді және басқа да әкімшілік шығындарға емес, волонтерлік бастамаларды жүзеге асыруға арналған әр түрлі шығындарға (жабдықтау, құрал-сайман, құрылғы және т.б.) бағытталуы тиіс.

Жоба өтінім формасына (Қосымша №1) толықтай сай рәсімделуі тиіс.

Байқаудың ережелері

1. Осы Ереже «Birgemiz: Saýlyq» жалпыұлттық жобасы шеңберінде денсаулық сақтау саласына еріктілерді тарту, науқастарды күтуге көмек көрсету, оның ішінде хоспистерде, онкологиялық диспансерлерде және т.б. бойынша нақты міндеттерді шешуде азаматтардың жеке күш – жігерін (ерікті миссия) және еріктілік бастамаларды қолдауға бағытталған Шағын гранттар конкурсын (бұдан әрі-Конкурс) өткізу тәртібін айқындайды.

 Байқаудың өту тәртібі

Байқау 2020 жылдың  тамыз айының 11 мен 30  аралығында өтеді.

Байқауға қатысуға өтінімдер қабылдау:

Байқауға қатысу үшін Жобалық өтінімдерді осы Ереженің Қосымша

№1 сай рәсімделіп, .pdf форматында 2020 жылдың 30 тамыз Ақтөбе қ. уақыты бойынша сағат 18:00 дейін t_ostr@mail.ru электронды почтасына жіберу қажет. Хат тақырыбында "Шағын гранттар конкурсы" деп көрсетілсін.

Жобаның мәнін ашатын презентация немесе бейнеролик болған жағдайда, оны өтініммен бірге электронды почтаға жіберу қажет.

Қажет болған жағдайда, Ұйымдастырушылар Өтінім берушіден Байқауға қатысты қосымша ақпарат сұрату құқығын қалдырады.

Байқауға қатысуға өтінім Қатысушының осы Ережеде көрсетілген талаптар мен шарттарға келісімін білдіреді.

Байқауға қатысу өтінім беруші тарапынан ақысыз түрде жүзеге асады.

Байқау Қатысушысы өзінің өтінімін өтінім қабылдау уақыты аяқталғанға дейін қайтып алуға құқылы.

Көрсетілген уақыттан кеш тапсырылған Өтінімдер қарастырылмайды.

Ұйымдастырушылар қатысушылардың жеке деректерінің сақталуына кепілдік береді.

Грант иегерлерін іріктеу 2020 жылдың 3 қыркүйегіне дейін жүргізіледі.

Іріктеудің аяқталуы туралы хабарландыру ұйымдастырушылардың ресми сайтында Аsvkaktobe.kz порталында, сонымен қатар жобаның әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында жарияланады:

vk.com/asvkaktobe,

t.me/birgemiz_saulyq,

www.instagram.com/p/CC1Kv_YAzv9,

https://www.facebook.com/pg/