"Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім" жобасы

"Еңбек" өнімді жұмыспна қамтуда жәна жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарғы арналғаны бағдарламас аясынд "Баршағы арналғаны тегіна техникалық жәна кәсіптка білій" жобасы (бұдано әрі - Жоб) жұмыссыз жәна өзін-өзі жұмыспна қамтығана жастар үшіны, сонымно қатар кәсіби білімі жоқ еңбекк қабілетті жастар үшін тегін техникалық және кәсіптік білім беруді ұсынады.

Жобаға қатысушылар - 9-11 кластың түлектері, кәсіптка білімі жоқ жәна оқу орындарына түспеген жастар, жұмыс іздеп жүрген жастар, жұмыссыздар, аз қамтылғаны немес көпбалалы отбасылардың балалары, сонымен қатар жұмыспен қамт орталықтарынд тіркелуіна қарамастано, Қазақстаны РЕСПУБЛИКАСЫ "Білій туралов" Заңының 8 бабы, 4 тармағында көрсетілген азаматтардың басқа санаттары.

"Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім" жобасында кадрларды даярлауға арналған мамандықтар тізімі

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің жіктеуішін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі №500-бұйрығының негізінде анықталады.  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17564 тіркелген)

Үміткерлерді іздеу және ауылдық және қалалық әкімдіктер жанынан түсіндірме беру үшін әр елдімекенде жергілікті білім беру және жұмыспен қамту органдарының өкілдерінен, жастар ұйымдарының еріктілерінен, полицейлерден тұратын мобильді топтар жұмыс істейді.

Қажет құжаттар пакеті

Жеке куәліктің көшірмесі,

білімі туралы құжат (анықтама, аттестат),

денсаулық жағдайы туралы анықтама, а

удандық (қалалық) білім бөлімі берген анықтама және бар болса, әлеуметтік көмек алатын азаматтардың санатын растайтын анықтама.

Техникалық, ауылшаруашылық, технологиялық мамандықтар бойынша, қызмет көрсету саласының мамандықтары бойынша жұмысшыларды үш жұмыс біліктілігі бар екі деңгейлі оқу модулінің модульдік бағдарламаларында оқыту қарастырылған. Оқу ұзақтығы таңдалған мамандыққа байланысты.

Жоба қатысушыларына мемлекеттен оқу, бір реттік ыстық тамақ, стипендия, жол жүру ақысы сияқты қолдау көрсетіледі. ТжКБ-да оқытуды қаржыландыруды жергілікті бюджет қаражаты есебінен облыстық білім басқармалары жүзеге асырады.

Қандай мамандықтар бойынша тегін білім алуға болады?

Тегін техникалық және кәсіптік білім техникалық, технологиялық, ауыл шаруашылық, сервис және қызмет көрсету мамандықтары бойынша беріледі.

Сонымен қатар, медицина, білім, өнер мамандықтары бойынша даярлық мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде жүзеге асырылады.

Ал құқық, экономика мамандықтары бойынша даярлық ақылы негізде жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты бойынша 050120 "Кәсіптік оқыту» мамандары төмендегі пәндерден білім алады: жалпы білім беру пәндері (ЖБП), базалық пәндер (БП), кәсіптендіру пәндері (КП). Әр цикл екі компонентке бөлінеді: міндетті және таңдау. Кәсіптендіру пәндері (КП) циклының таңдау компонентінің бірі «Ауыл шаруашылық еңбегінің техникасы мен технологиясы" пәні.

Елімізде кәсіптік білім беретін қанша колледж бар?

Еліміз бойынша, барлығы 817 колледж жұмыс істейді, олардың 473 колледжі мемлекеттік, 344-і — жекеменшік. Оның 83-і Алматы қаласында орналасқан.

Бүгінде 38 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында (27 мемлекеттік және 11 мемлекеттік емес колледждерде) 19,9 мың адам мамандықтар мен жұмысшы кәсіптерін алуда.

Жұмысшы кадрлар мен мамандарды даярлау 74 мамандық және 139 біліктілік бойынша жүргізілсе, соның ішінде 38 техникалық, технологиялық және ауыл шаруашылық бағыттағы мамандықтар.

Мемлекеттік колледждердегі 12520 білім алушы континентінің 4603 студенті (36,8%) жұмысшы мамандықтар бойынша білім алуда. Мемлекеттік емес колледждердің 8179 білім алушысы орта буын мамандықтарына оқытылуда.

Елбасының тікелей тапсырмасымен 2017 жылдан бастап еліміздің жастары тегін кәсіптік-техникалық білім ала бастады. Қазіргі таңда "Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім" бағдарламасы аясында колледж­дерде 25 мыңға жуық студент білім алып жатыр.