12-13 қыркүйекте OTAUFEST Жас отбасылар фестивалі өтеді

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ мемлекеттік грант аясында "Жастар арасында отбасылық құндылықтарды нығайту жөніндегі іс-шаралар кешені" жобасын "Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндік институты" ҚҚ жүзеге асыруда.

Осыған орай 12-13 қыркүйекте OTAUFEST Жас отбасылар Фестивалі өтеді. Іс-шара ZOOM платформасында әдеттегі онлайн форматта өтеді. Фестивальге 29 жасқа дейінгі кез келген елден келген ерлі-зайыптылар қатыса алады.

Фестиваль аясында танымдық іс-шаралар, жоспарланған-шеберлік сыныптары, гендерологтардың, отбасылық психологтардың, балалар психологтарының, педиатрлардың, андрологтардың кеңестері және тағы басқалар ұйымдастырылады.

Фестивальдің мақсаты - жастар арасында отбасы институтын және отбасылық құндылықтарды нығайтуға ықпал ету, оларды насихаттау, бір ұяның мүшелерін жақындастыру және біріктіру. Ұйымдастырушылар бірнеше отбасыларға жақындасуға, "Қарым-қатынас дағдарысын" сәтті өткізуге көмектесуді мақсат етеді.

Жоба аясында өткен "Менің отбасым-менің байлығым!" фестивалінде қазақстандықтардың ортақ мүддені біріктірген кезде қаншалықты тату және креатив бола алатынын көрдік.

Егер сізде сұрақтар туындаса, "Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндік институты" ҚҚ Президенті, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның сараптамалық кеңесінің мүшесі Маргарита Ускембаеваға хабарласуыңызға болады.

Байланыс телефондары: +7 (727) 272 04 57, +7 777 35 90 277;

Жоба үйлестірушісі Татьяна Резвушкина: +77014843363