Сыбайлас жемқорлықпен күресуге бағытталған конкурсқа кез келген адам өтініш бере алады

"Almaty - Adaldyq Alańy" жобалық кеңсесі Алматының әрбір тұрғынын мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектордың, бизнестің, кәсіпкерліктің түрлі бағыттарындағы сыбайлас жемқорлық көріністерін азайту немесе жою жөніндегі идеялар, ұсыныстар, жобалар конкурсына қатысуға шақырады.

Сіздің кез келген идеяңыз оны іс жүзінде іске асыру үшін қарастырылады, Сіздің ұсыныстарыңыз бен жобаларыңыз оларды іс жүзінде іске асыруда қолдау табады.

Байқау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы үздік идеялар мен жобалардың авторлары моральдық және/немесе материалдық жағынан марапатталады.

Ұсынысты almaty-adaldyq_alany@mail.ru поштасына немесе Instagram-дағы @almatyadaldyqalany парақшасына жолдауға болады.