"Birgemiz: Taza Alem" командасы эко-сенбілікке шақырады

12 қыркүйекте "Birgemiz: Taza Alem" командасы Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығымен бірлесе отырып эко-сенбілік жасайды.

Команда Көкжайлаудың табиғатына бейжай қарамайтын Алматылық волонтерларды іздейді.

Келесі ақпараттар маңызды:
Жиналу уақыты: 08:30
Жиналу орны: Гагарин, Әл-Фараби көшелерінің қиылысы, Магнум автотұрағы
Жүру уақыты: 09.00
Сенбіліктің жоспарлы аяқталу уақыты: 15.00
 Жол шығыны ұйымдастырушылар тарапынан өтеледі.
Еріктілер микроавтобус, су, жұмыс қолғабы және қоқыс дорбаларымен, сонымен қатар "Birgemiz: Taza Alem" командасының арнайы тігілген футболкаларымен қамтамасыз етіледі. 

Волонтерлардан тек жақсы көңіл-күй мен келісілген жерге уақытылы келу ғана талап етіледі.

"Табиғат аясындағы эко-сенбілікке қатысу үшін жекеге жазыңыз және хабарламаны достарыңызбен бөлісуді ұмытпаңыз. Алдағы сенбіні пайдалы демалыс ету өз қолыңызда!".

Алматы бойынша үйлестіруші: Нұргүл +77025932443