Мектеп психологтары мен әдіскерлеріне арналған онлайн-семинар өтеді

Қазақстанда тұңғыш рет мектеп психологтары мен әдіскерлеріне арналған онлайн-семинар өтеді.

Мақсаты:

Балалар мен жасөспірімдер арасында интернетке тәуелділіктің алдын алу бойынша психологтар мен әдіскерлердің білімі мен дағдыларын дамыту.

Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінің тұрғындарына жариялау: 
1)"Интернетке тәуелділікті қалай болдырмауға болады?" 
2)"Интернетке тәуелділіктің алдын алу әдістерін қалай меңгеру керек?"

Үздік психологтар мен білікті мамандар, халықаралық лекторлар семинар қатысушыларына келесі бағыттар бойынша оқу семинарларын өткізеді:

Интернетке тәуелді жасөспірімнің көңіл-күйін психологиялық диагностикадан өткізу;

Тәрбие мәселесіндегі ата-аналардың біліктілігін арттыруға, отбасындағы қарым-қатынасты жақсартуға бағытталған  құралдар жиынтығынан тұратын отбасылық психотерапия және жеке кеңес беру жұмыстарын жүргізу.

Өтетін орны: ZOOM және Microsoft teams платформалары.

Өтетін мерзімі: 14.09-24.09.2020 жж.

Жоба Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығ" КЕАҚ гранттық қаржыландыруы аясында жүзеге асырылып келеді. Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі комитеті осы шараның басты қолдаушысы болып табылады.

#cisc2020 #qogamgov #jasulanqz #онлайнобучение #онлайнкурс #интернетграмотность #цифроваярепутация #restartcourse #kopdmonrk