"Жастардың ең үздік өзін-өзі басқару ұйымы" байқауы жарияланды

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қолдауымен, "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КеАҚ гранты негізінде "Қазақстан студенттерінің Альянсы" ұйымдастыруымен "Жастардың өзін-өзі басқару органдар жүйесін дамыту" жобасы аясындағы Республикалық INSTA-байқау өтеді. Мақсаты - жастардың өзін-өзі басқару ұйымдарын дамыту және қолдау.

1 КЕЗЕҢ - ӨТІНІШТЕР ҚАБЫЛДАУ.

Өтінішті 17 қыркүйек пен 28 қыркүйек аралығында ask_ksa@list.ru электрондық поштасына жолдау керек. (‼️ Жалпы ережелер, өтініш нұсқасы мен сауалнама үлгісін ссылкадағы БИО арқылы ала аласыздар).

2 КЕЗЕҢ - ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢ.

Белгілі бір облыстың ЖОО-лары өзара іріктелу кезеңі. Облыстың ЖОО-ларының өкілі ретінде Жастардың өзін-өзі басқару ұйымының басшысы қатысады. @qsa_ask Instagram парақшасында insta-байқау өтеді. Ең жоғары ұпай жинаған жастардың өзін-өзі басқару ұйымы белгіленген облыстың өкілі ретінде келесі кезеңге жолдама алады. Солай әрбір облыстан 1 жастар өзін-өзі басқару ұйымы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларынан 2, ал Алматы қаласынан 3 ұйым келесі Республикалық кезеңге жолдама алады.

3 КЕЗЕҢ - РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕЗЕҢ.

Әрбір облыстан тек 1 жастар өзін-өзі басқару ұйымы, ал Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларынан 2, Алматы қаласынан 3 үміткер Республикалық кезеңге өтіп, жалпы 21 үміткер өзінің бақтарын сынайтын болады. Республикалық кезең @qsa_askInstagram парақшасында өтеді. Жеңімпаз ең жоғары ұпай жинау арқылы анықталады.

Байқауға әр университеттен тек бір студенттік ұйым қатыса алады.

ЖҮЛДЕ ҚОРЫ:
1 ОРЫН - 200.000 тг.
2 ОРЫН - 150.000 тг.
3 ОРЫН - 100.000 тг.

Барлық сұрақ бойынша: +7 (708) 678 84 34, +7 (700) 555 74 59.
Өтініштер бойынша: ask_ksa@list.ru