"Жастар және инновация" жобасының аясында қызық сұхбаттар жалғасады

«Bolashaq Books» пен «Жастар және инновация» жобаларының аясында қызық тұлғалармен сұхбаттар жалғасады. Тікелей эфирде қонақтарымыз өзі туралы әңгімелеп, тәжірибесімен бөліседі.

Кезекті қонақ - “Ұлттық аударма бюросы” қоғамдық қорының атқарушы директоры, Bilim media group компаниясының негізін қалаушы - Рауан Кенжеханұлы.

Тікелей эфир Instagram-дағы @bolashaq_kz парақшасында өтеді.
Күні мен уақыты: 14 қазан 19.00.
Жіберіп алмаңыздар!

Жобаларды «Bolashaq» Қауымдастығы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның мемлекеттік гранты аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен іске асыруда.