"Бейнероликтер байқауы"

2020 жылдың 7 қазан мен 15 қараша айларының аралығында республикалық "Бейнероликтер байқауы" өтеді

Байқауға қатысу үшін:
- Қазақстанның тарихи-мәдени нысандары туралы бейнеролик түсіру қажет. Бейнероликтің ұзақтығы - 3 минуттан аспауы тиіс;
- қатысушылар @birgemiz_asyl_mura, @jasulan_qz Instagram және Birgemiz: Asyl Mura, Жас Ұлан Ұйымы Facebook парақшаларына жазылулары керек;
- байқау нәтижелері шыққанға дейін парақшаны ашық қалдыру керек;
- бейнероликті Instagram немесе Facebook жеке парақшаларында жарияланым (пост) түрінде жариялау керек (сторис емес!);
- байқауға тақырыпқа сәйкес, материал сандық фото-бейне камераларға жазылып, кез-келген қолжетімді техникалық құралдармен монтаждалған бейнероликтер ұсынылады;
- слайд түріндегі жұмыстар қабылданбайды;

Қатысушылардың назарына!

- "Birgemiz: Asyl Mura" жалпыұлттық жобасы аясында оқытудан өткен волонтер қатыса алады;
- байқауға қатысты әрбір жарияланымда, МӘТІНДЕ (!) ұйымдастырушыларды Instagram-да @birgemiz_asyl_mura, @cisc_official, @jasulan_qz немесе Facebook-те Birgemiz: Asyl Mura, Жас Ұлан Ұйымы, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығын, сонымен қатар #birgemizasylmura #CISGRANT2020 #birgemiz2020 #asylmuravideo #VolonterJyly_kz, #ГодВолонтера_kz хештегтерін белгілеу.

Байқаудың жүлде қоры 100 000 теңге.

Байқауға қатысу Ережелері мен Сауалнамаға сілтемені БИО-дағы taplinkтен таба аласыздар.

Байқаудың басты мақсаты - Қазақстанның мәдени және тарихи мұра объектілерін танымал ету. Еліміздің назарын Мәдени мұраға аудару, ұлттық құндылықтар туралы идеяларды қалыптастыру.